РАХАТ МАМЫРБЕК АТЫНДАҒЫ САЯСИ ЖУРНАЛИСТИКА БАЙҚАУЫ

Журналист, саясаттанушы Рахат Мамырбек атындағы байқау бұқаралық ақпарат құралдары мерекесі қарсаңында биыл да өтпекші. Байқауға демократия институттары, адам құқығы мен бостандықтары, құқықтық мемлекет, саяси жүйенің дамуы, азаматтық қоғам, еркін сөз бен плюрализм, партиялар бәсекесі, билік тармақтарының легитимдігі және өзге де саяси-қоғамдық тақырыптағы журналистік материалдар қабылданады.

Жанрға шек қойылмайды.

Саяси журналистика саласындағы үздіктерді анықтауға арналған байқауға республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары және жеке авторлар қатыса алады.

Байқау «Ең үздік видео» және «Ең үздік мақала» атты екі аталым бойынша беріледі.

Бірінші орын екеу – 700 000 (әр аталымға бір-бірден)

екінші орын екеу – 300 000

үшінші орын екеу – 200 000 теңгеден.

Байқауға өтінімдерді қабылдау мерзімі - 2024 жылғы 25 мамыр мен 20 маусым аралығы.

Байқау қорытындысы маусым айының соңында – Журналистер күні қарсаңында жарияланады.

Қатысу шарттары:

• Конкурстық жұмыстар 2023 жылғы 1 маусым мен 2024 жылғы 20 маусым аралығында телеарна эфирінен өтуі немесе газет, журнал, интернет-ресурста жариялануы керек.

• Үміткер бәйгенің екі номинациясына да қатысуға құқылы.

• Бір автор байқауға бір аталым бойынша бір материалдан артық ұсына алмайды.

• Ұсынылатын видео ұзақтығы 1 сағаттан аспауға тиіс. Видеоконтенттер YouTube хостингіндегі немесе өзге интернет-ресурстағы сілтеме арқылы қабылданады.

• Мақала көлемі А4 форматындағы 14 шрифтпен 6 парақтан аспауы керек. Жазба контент баспа материал болса - PDF және Word нұсқаларымен, интернет материалы болса, сілтеме арқылы қабылданады.

• Автор өзі туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефондарын көрсетуге тиіс.

Байқау материалдарын тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Материалдар baiqau2024@yandex.kz поштасы арқылы қабылданады. Байланыс телефоны: + 7 777 216 27 83 (Есей)