Aq jelken журналының 100 жылдығына, көрнекті қаламгер Ғабиден Құлахметтің туғанына 70 жыл толуына орай Aq jelken журналы және Ғ.Құлахмет қоғамдық қоры жасөспірімдер тақырыбына арналған «Ақ бастау» әдеби байқауын жариялайды.
Байқау шарттары:
1. Шығармалар жасөспірімдер тақырыбына арналады. Жасөспірімдер өміріндегі жасампаздық, дағдарыс, білімге құштарлық, үлкенді сыйлау, кішіге құрмет білдіру, т.б. моральдық-психологиялық, патриоттық, тарихи, әлеуметтік сипаттағы шығармалар құпталады. Жазушы Ғ.Құлахметтің шығармашылық мұрасы үлгісінде жазылған шығармалар да қуана қабылданады.
2. Байқауға қатысушылардың жасына шек қойылмайды.
3. Шығармалар өлең, баллада, толғау, поэма, әңгіме, новелла, хикаят, фэнтези жанрлары бойынша қабылданады. Шығарма көлемі 25 беттен аспауға тиіс.
4. Шығармалар Times New Roman қарпімен, интервалы 1, шрифт көлемі 14 кегль талабымен қабылданады. Хат тақырыбы «Байқауға» деп анық көрсетілуі керек.
5. Шығармалар akzhelken.1925@gmail.com электронды поштасына 2025 жылдың 25 мамыры-1 қазаны аралығында қабылданады.
6. Байқау қорытындысын тәуелсіз қазылар алқасы шығарады.
7. Байқау жеңімпаздарының шығармалары «Ақ бастау» деген атаумен 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейін жеке кітап болып жарық көреді.
Байқау талаптары:
1. Шығарма авторы туралы мәлімет (аты-жөні, телефон нөмірі, шығарманың атауы, жанры) бөлек файлмен жолдануға тиіс.
2. Шығарма тақырыбы үстіне автордың нақабасы (лақап аты) үлкен шрифтермен көрсетілуге тиіс.
3. Бір автордан бір шығарма ғана қабылданады.
4. Уақытынан кешіккен немесе жоғарыдағы талаптарға сай емес (авторы дұрыс көрсетілмеген, көлемі сақталмаған, т.б.) шығармалар қабылданбайды.
Байқау марапаттары:
Бас бәйге – біреу (жүлде көлемі 1 500 000 теңге)
Бірінші жүлде – біреу (1 000 000 теңге)
Екінші жүлде – екеу (700 000 теңгеден)
Үшінші жүлде – үшеу (300 000 теңгеден)
Ынталандыру сыйлығы – екеу (100 000 теңгеден)
Бәйге қорытындысы 25 қазан – Республика күні қарсаңында шығарылады. Марапаттау шарасы өтетін орын қосымша хабарланады.
Бас демеуші – Ғабиден Құлахмет атындағы қоғамдық қор (жетекшілері – Ш.Құлахмет және А.Құлахмет).
Қатысыңыздар, жүлделі болыңыздар! Шығармаларыңызды асыға күтеміз.