«ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ӘДЕБИ ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІ»
Жобанын талаптары:
- Жобаға қатысуға еліміздің барлық аумағында тұратын жас қаламгерлер (18-35 жасқа дейін)өтінім бере алады;
Жобанын іске асу кезендері:
- Қазақстан Жазушылар одағы дәріс оқитын, шеберлік сыныбын өткізетін шетелдік және отандық танымал қаламгерлерден тұратын «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебін» құрады (Шеберлік мектебінің мүшелері халықаралык беделді әдеби сыйлық иегелері, Қазақстанның Халық жазушылары, Мемлекеттік сыйлықтың және беделді әдеби сыйлықтардың лауреаттары, жетекші әдебиеттанушы ғалымдар, әдебиет пен баспа ісіне қатысы бар кәсіби мамандар болуы тиіс).
- Қазақстан Жазушылар одағы жанынан құрылатын комиссия талапкердің шыгармашылык өмірбаянын (шығарған кітаптары мен марапаттары, жеткен жетістіктері) саралау арқылы жобаға қатысушылардың тізімін бекітеді.
- Тізімге енген жас қаламгерлер Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебіне» 10 күндік оқуға келеді (Оқу бағыттары: шетелдік және ұлттық әдебиеттің бастауы, бүгіні мен болашағы, шығармашылық бағыт-бағдар, жазушы зертханасы т.б.).
Әдеби шеберлік мектебіне қатысушы жас қаламгерлердің жолы, тамағы және жатын орны Қазақстан жазушылар одағы тарапынан төленеді. Жоба соңында әр жас қаламгерге сертификат беріледі.
Жобанын мақсаты – жас қаламгерлерді қолдау, әдеби процестермен таныстыру, шеберлік дәрістерін тыңдату, жаңа шығармалардың жазылуына ықпал ету.
Өтінімдер осы хабарландыру жарық көрген күннен бастап, 2024 жылғы 19-маусымға дейін келесі тізбек бойынша қабылданады:
1. Өтінім;
2. Талапкердің шығармашылық өмірбаяны;
3. Белгілі қаламгер немесе Қазақстан Жазушылар одағы облыстық өкілінің қолы қойылған ұсыныс.
2-жоба
«ЖАҢА ҚАЗАКСТАННЫҢ ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫК ПАНОРАМАСЫ»
Жобанын талаптары:
- Жобаға қатысуға еліміздің барлық аумағында тұратын жас қаламгерлер (18-35 жасқа дейін)өтінім бере алады;
Жобанын іске асу кезендері:
- Қазақстан Жазушылар одағы жанынан құрылатын комиссия талапкердің шығармашылық өмірбаянын (шығарған кітаптары мен марапаттары, жеткен жетістіктері) саралау арқылы жобаға қатысушылардың тізімін бекітеді.
- Тізімге енген жас қаламгерлер еліміздің әр облысына өңірдің тарихы, мәдениеті мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу, жазатын шығармасына ақпарат жинау үшін шығармашылық іссапарға жіберіледі.
Қаламгердің іссапар шығыны мен қаламақысы, кітабының жарық көруі ұйымдастырушылар тарапынан төленеді.
Комиссия шешімі қайта қарауға жатпайды.
Жобанын мақсаты - жас қаламгерлерді қолдау, Қазақстанның әр аймағының тарихы мен мәдениетін бүгінгі күнмен ұштастыра отырып, Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасын жасау.
Өтінімдер осы хабарландыру жарық көрген күннен бастап, 2024 жылғы 19-маусымға дейін келесі тізбек бойынша қабылданады:
1. Өтінім;
2. Талапкердің шығармашылық өмірбаяны;
3. Белгілі қаламгер немесе Қазақстан Жазушылар одағы облыстық өкілінің қолы қойылған ұсыныс.
3-жоба
«ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АРХИВТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖУМЫСТАРЫ»
Жобаның талаптары:
- Жобаға қатысуға еліміздің барлық аумағында тұратын жазушылар өтінім бере алады (жас шектеуі жоқ);
Жобанын іске асу кезендері:
- Қазақстан Жазушылар одағы архив жұмысын қамтамасыз ету, алынған материалдарды жүйелі өңдеу, оларды жалпылау және сапалы талдау жүргізу мақсатында Архив материалдарын зерделеу жөніндегі ақпараттық орталық құрады.
- Қазақстан Жазушылар одағы жанынан құрылатын комиссия талапкердің шығармашылық өмірбаянын (шығарған кітаптары мен марапаттары, жеткен жетістіктері) саралау арқылы жобаға қатысушылардың тізімін бекітеді.
- Жеңімпаз атанған қатысушылар ТМД елінің белгілі бір қаласындағы архив мекемесіне жіберіледі. Қаламгердің іссапар шығыны мен қаламақысы, кітабының жарық көруі ұйымдастырушылар тарапынан төленеді. Комиссия шешімі қайта қарауға жатпайды.
Жобанын максаты - ТМД елдерінің мұрағаттарында Қазақстанның мәдениеті мен әдебиеті бойынша жаңа мұрағаттық материалдарды анықтап, зерттеулер жургізу және Қазақстанның мәдениеті мен әдебиеті бойынша ТМД елдерінің мурағат материалдары негізінде ғылыми-танымдық, ғылыми-зерттеу немесе очерк сипатындағы кітаптар немесе архивтік материалдар жинақтарын шығару;
Өтінімдер осы хабарландыру жарык көрген күннен бастап, 2024 жылғы 19-маусымга дейін келесі тізбек бойынша қабылданады:
1. Өтінім;
2. Талапкердің шығармашылық өмірбаяны;
Өтінімдер Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105-үй,
26-кабинет мекен-жайына,
немесе jazushylar_odagy@mail.ru электрон поштасына жіберілуі керек.