СЕРТКЕ БЕРІК, СЫЙЛЫҚҚА ЛАЙЫҚ ШЫҒАРМА

Менің Әділбектің өзімен де шығармашылығымен де таныстығыма табаны күректей 40 жылға жуықтапты. Әділбек Ыбырайымұлын Алматыда  КазМУ-дың журналистика факультетінде бірге  оқып жүрген кезден білемін. Мен одан 2 курс жоғары оқыдым, ал Әділбек дайындық курсында оқып, 1 курстан бастап тобының старостасы болды,  алғыр, зерек, белсенді студент болып көзге түсті. Сол кезде бұрқыратып өлең жазып, оны студенттермен кездесулерде жатқа оқитын. Ол оқуын ойдағыдай аяқтап, студент кезінде  балалы-шағалы болып та үлгеріп, Алматыға жұмысқа қалды. Әділбек Республикалық басылымда журналист болып жұмыс жасай жүріп шығармашылықтан бір сәт қол үзген жоқ. Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атануы соның дәлелі. Ол кезде үлкен додаға ақын ретінде жыр жинағымен қатысқан еді. Ал, бұл жолы прозамен, анау-мынау емес триптих үш томдық тарихи роман жанрында Мемлекеттік сыйлыққа бәйгеге түсуі ғажап құбылыс. Әсілінде, поэзияны да, прозаны да қатар алып жүру кез-келген қаламгердің басына бұйыра бермейтін бақыт. Осы қасиет Әділбек Ыбыраймұлын шоқтығы биік қаламгерлердің қатарынан көруге жазып отыр.

Енді биылғы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып отырған Кенесары хан туралы жазылған «Семсер жүзіндегі серт» тарихи романы жайлы айтар болсам, оның ең бірінші құндылығы тарихи деректер негізінде жазылғанында дер едім.

Әділбек қазақтың соңғы ханы Кенесарыны жазу үшін талай мұрағат деректерін ақтарып, тіптен Қырғызстанға бірнеше рет барып, нақты фактілерді зерттеп, зерделеп жүріп көркем туынды шығарды. Ал, бұл  бүкіл халқымыз үшін, кейінгі ұрпақ үшін таптырмас рухани қазына. Екіншіден, романның оқиға желісі тартымды, оқырманды бірден баурап алып сол дәуірдің тұңғиығына енгендей күй кешесің.

Семсер жүзіндегі серттің 3 кітабын автор алғашқы тұсаукесерінде маған өз қолымен сыйлағандықтан, толықтай оқып шықтым. Сонда мен қарапайым оқырман ретінде 1-ші кітабын бас алмастан бір демде  оқыған едім. Ол кезде бұл туынды Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып, пікір жазамын деген ой болған жоқ еді.

Аталған романның 3 томын да жуықта мұқият оқығаннан соң, Әділбек Ыбырайымұлының «Семсер жүзіндегі серт» шығармасы қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған қомақты да ерекше туындылардың бірі болып табылады деп толық айта аламын. Бұл шығарманың құндылығы тарихи тақырыпты көтеріп, қазақ халқының 300 жылдық өмірі мен тағдыры, ұлттық дәстүрлері және тарихи тұлғалар Абылай хан, Кенесары хан, Жолбарыс ханның бейнелері көркем суреттеледі. Төменде енді осы туындының әдеби талдауын жүргізелік.

Тақырып және сюжетін талдасақ,

«Семсер жүзіндегі серт» романы қазақ халқының тарихындағы маңызды кезеңдерді қамтиды. Шығарманың басты тақырыбы – қазақ хандарының ерлігі, отан сүйгіштік сезімі және ел үшін күрес. Сюжет оқиғалары қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиғаларды қамти отырып, сол кездегі қоғамның әлеуметтік және саяси жағдайын көркем тілмен шынайы көрсетеді.

Автордың шеберлігі

Әділбек Ыбырайымұлының шеберлігі оның тарихи оқиғаларды нақты әрі әсерлі баяндауында көрінеді. Автор тарихи деректерді шеберлікпен қолдана отырып, кейіпкерлерінің ішкі дүниесін, сезімдерін және ойларын терең суреттейді. Шығармада автордың қазақ тарихы мен мәдениетін жақсы меңгергені, сондай-ақ оқырманды тартып алу қабілеті айқын байқалады.

Тарихи дәлдігі

Шығармада тарихи дәлдікке ерекше көңіл бөлінген. Әділбек Ыбырайымұлы тарихи деректерді пайдаланып, Кенесары ханмен байланысты оқиғаларды шынайы әрі нақты түрде бейнелейді. Бұл туындының тарихи тұрғыдан құндылығын арттырып, оқырманға сол кездегі қазақ халқының өмірін, тұрмысын және күресін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Оқиға желісі

Шығармадағы оқиға желісі қызықты және тартымды. Әрбір оқиға табиғи түрде өрбіп, кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен оқиғалар бір-бірімен тығыз байланысты. Оқиғалардың динамикасы мен шиеленісі оқырманды қызықтырып, шығарманың аяғына дейін баурап, тартып отырады.

Сөз байлығы

Әділбек Ыбырайымұлының тілі бай және көркем. Шығарманың әрбір беті қазақ тілінің байлығын көрсететін әсем сөздермен, көркем суреттеулермен толы. Бұл автордың сөз байлығын және тіл шеберлігін айқындайды, сондай-ақ оқырманның тіл мәдениетін арттыруға үлес қосады.

Кейіпкерлер

Кейіпкерлері Абылай ханның, Кенесары ханның, Жолбарыс ханның, Төле, Қазыбек, Борамай, Әжібай, Жанғараш билердің бейнелері өте шынайы және толыққанды. Әрбір кейіпкердің мінезі, іс-әрекеті және ішкі сезімдері терең ашылып, оқырманға олардың өмірі мен тағдырына қатысты толық түсінік береді. Батырлардың ерлігі, адалдығы, патриотизмі мен адамгершілігі көркемдікпен сипатталған.

Оқырманды тартып, қызықтыруы

Шығарма оқырманды бірден баурап алады. Оқиғалардың шынайылығы, кейіпкерлердің тереңдігі және тілдің көркемдігі оқырманды шығарманың басынан аяғына дейін қызықтырып, өзіне тартады. Автордың оқиғаларды баяндаудағы шеберлігі, тарихи дәлдік және кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттері оқырманды қызықтырып қана қоймай, терең ойға салады.

Қорыта айтқанда, Әділбек Ыбырайымұлының «Семсер жүзіндегі серт» шығармасы қазақ әдебиетінің жоғары бағаланатын туындыларының бірі. Шығарма тарихи оқиғаларды көркемдікпен баяндап, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Автордың шеберлігі, тарихи дәлдігі, оқиға желісінің тартымдылығы, сөз байлығы, кейіпкерлердің толыққанды бейнеленуі және оқырманды қызықтыруы шығарманы ерекше етеді. «Семсер жүзіндегі серт» – қазақ әдебиетінің алтын қорына кіретін, оқырманға терең ой салатын және ұлттық рухты көтеретін құнды туынды.

Осыған орай және жоғарыда баяндалғандарды негізге алып, жазушы Әділбек Ыбырайымұлының «Семсер жүзіндегі серт» трилогиясын Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа өте лайықты шығарма деп бағалаймын.

 

Гүлсім Бақытқызы Еңсепова, дипломат-журналист, филология ғылымдарының кандидаты,

«ҚР Ақпарат саласының үздігі», ҚР Журналистер Одағының мүшесі