ЖАҢАЛЫҚТАР
Марфуға Бектемірованы еске алуға арналған кеш өтті

Марфуға Бектемірованы еске алуға арналған «Белый парус мечты» («Арманның ақ желкені») атты шығармашылық кеш. Ресей Мемлекеттік Кітапханасының Шығыс әдебиеті орталығы.

 

ТАҒДЫР  МАҒАН

ӨЛМЕЙТІН  ӨЛЕҢ  БЕРДІ

Жаныңдағы жатса да жылап айдын,

Жуылмайды онымен күнә-қайғың.

Тілерсектен ақса да  қызыл қаны,

Тағдырын мен тілеймін құралайдың.

 

Тау да бір күн аңсайды төмендерді,

Тағдыр маған өлмейтін өлең берді.

Менің патшам өзіңсің- поэзия,

Әкем де сен, сенсің ғой төрем де енді.

 

Қайғы  маған болмағай ғашық мәңгі,

Жер бетінде көл болып жасым қалды.

Өлсең көмер тәніңді топырақ бар,

Ол да бірақ қайғыңды жасырмайды.

 

Жасырмайды ол бірақ, жасырмайды,

Ащы жусан емес пе жасыл –қайғы?

Болса да әйел  өмірді жырлап өткен,

Не білесің жаным-ау ақын жайлы?

(Марфуға Бектемірова 1958-2013 ж.ж.)

 

Осы мамыр айының шуақты  күндері Мәскеуде, Ресей Мемлекеттік Кітапханасының Шығыс әдебиеті орталығында көрнекті қазақ ақыны, қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы, журналист, композитор, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Марфуға Төлеуханқызы Бектемірованы еске алуға арналған шығармашылық кеш өтті. Кеш қонақтары, ақынның талантын сүйетіндер оның өлеңдерін бірнеше тілде естіді. Жыл сайын қырғыз және қазақ әдебиетшілері арасында өткізілетін "Жүрекпен жүрек жіптей жалғанады, бұл достық деп аталады" жобасы аясында «Белый парус мечты» Арманның ақ желкені»)  поэтикалық кеші өткізілді және ол  өмірден ерте өткен ақын Марфуға Бектемірованың шығармашылығын насихаттауға, оның есімін Мәскеу мен Ресейде халық арасында насихаттауға, адамдардың жадында сақтауға, Ресей мен Орталық Азия елдері арасындағы достық және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталды.

   Ресей Мемлекеттік Кітапханасының Шығыс әдебиеті орталығының іс-шаралар жоспарына Марфуға Бектемірованы еске алу кеші Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан секілді Орталық Азия республикаларының қазіргі заманғы мәдениетіне арналған көрмелер мен іс-шаралар топтамасын қамтитын "Азия Жүрегі" жобасы аясында енгізілді.

  Халықтық Дипломатия Халықаралық Достастығының (ХДХД) мүшелері - Есенгелді Сүйінов, Дина Ораз, Жанна Сабаева бастамашылар ретінде  көрінді. Кешті Ресей мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиеті орталығы, "Қайрықтар қазынасы" - "Московские напевы" қоғамдық бірлестігі, «Санкт-Петербургтің Орынбор жерлестігі»  РҚБ, "Әлеуметтік-мәдени жобаларды дамыту және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау бойынша "Горячее озеро" РҚБ және "БИРГЕ"медиа-ресурсы Еуразия мен Африка халықтары Ассамблеясының,  Қазақстандағы Халықтық Дипломатия Халықаралық Достастығының қолдауымен ұйымдастырды.

   Шығармашылық кешке  Ресей Мемлекеттік Кітапханасының әлеуметтік-мәдени бағдарламаларының үйлестірушісі, өнертанушы-Мкрытчева Маргарита Аркадьевна қатысып, сөз сөйледі.

   Кештің модераторы - ақын, аудармашы, Қырғыз Республикасының Мәдениет үздігі, Ресей Жазушылар Одағы МОЖ және Қырғыз Республикасының Ұлттық Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан халық дипломатиясы халықаралық Достастығының (ХДХД) вице-президенті, Еуразия және Африка халықтары Ассамблеясы әдеби кеңесінің тең төрағасы Жанна Сабаева болды.

     Аталған кешті Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі Еркебұлан Бектұрғанов ашты. Қырғыз Республикасы Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігінің Ресей Федерациясындағы өкілдігінің басшысы, Қырғызстанның еңбек сіңірген заңгері Жарқынай Душайқызы Ғалиева, ақын, философ, әдебиет сыншысы , әнші, "World Wganization of Writers" (WOW) президенті, Халықаралық ПЕН - клуб мүшесі, "ЛИффТ" қорының президенті, Еуразия халықтары Ассамблеясының әдеби кеңесінің төрағасы Маргарита Викторовна (Маргарита Аль) Альмухаметова, "Орыс-вьетнам достығы" қоғамының төрағасы, ХДХД құрметті мүшесі Фам Дук Хай, Ресей Жазушылар Одағының Мәскеу облыстық ұйымының Басқарма мүшесі, Одақтың баспасөз орталығының жетекшісі, еңбек сіңірген жазушы Ирина Владимировна Овчаренко , "Шет елдердегі қырғыздардың ақсақалдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің президенті, "Ақ-бата" газетінің бас редакторы, Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысындағы қырғыз қауымының ақсақалы Ертабылды Шамилов талантты қазақ ақыны Марфуға Бектемірованың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы шын жүректен сөз қозғап, оның тамаша поэзиясын періштемен, тектілікпен салыстырды.  

    Журналист, ақын, суретші, бард, "Ресейдің Алтын қауырсыны" әдеби қауымдастықтар Достастығының негізін қалаушы және президенті, танымал кітаптардың авторы Светлана Васильевна Савицкая «Марфуға  Бектемірованың өлеңдерін тек қазақстандықтар ғана оқымайды, ал оның әдемі лирикасын әлемнің басқа елдерінде де оқиды»,-деген пікірін білдірді.

   Ақын, график, прозашы, аудармашы, Мәскеу кәсіби жазушылар одағының мүшесі, Ресей Жазушылар Одағының Мәскеу облыстық ұйымының мүшесі Айнура Бекбосынқызы Бекболотова "Марфуға Бектемірова шығармаларының арқауы" атты баяндама жасап, "Озеро души" өлеңін талдады. "Комаев және серіктестер" алқасының құрметті адвокаты, ТМД, оның ішінде Қырғызстан мен Қазақстан азаматтарының тәлімгері және қорғаушысы Евгений Викторович Оноприенко кеш ұйымдастырушыларын қолдап, өзін ертегі елінде отырғандай сезінетінін жеткізді.

   "Горячое озеро" әлеуметтік-мәдени жобаларды дамыту және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау жөніндегі РҚБ қаржыгері, "Я деловая женщина" журналының бас редакторы Гүлжан Жеңішбекқызы Давлетбекова Марфуға Бектемірованың  «Белый свет с мной неразлучен!» өлеңін жатқа оқыса, бірнеше поэтикалық жинақтардың авторы. "Мөлдір бұлақ" микрокредиттік компаниясының қырғыз тіліндегі контентінің бас редакторы, "Қайрықтар қазынасы» - "Московские напевы" қоғамдық бірлестігінің құрметті мүшесі, белсендісі және көшбасшысы, Ресейдегі қырғыз диаспорасы төрағасының орынбасары, "Мигранттар поэзиясының антологиясы" жинағының құрастырушысы, Қырғызстанның әйелдер лирикалық поэзиясының үздік ақындарының бірі Зырыл Ақышқызы Омуралиева кеш иесінің  жарқын лирикасына терең көңіл бөліп, оның өлеңін қырғыз тіліндегі авторлық аудармасын жиналғандар назарына ұсынды.

   Қырғыз диаспорасы Кеңесінің білім комитетінің,  "Сәлем мектеп!", "Келгиле, қырғызша сүйлүлү!" жобаларының басшысы Таалайкөл Тоқтөбекованың жетекшілігімен балалармен бірге жасаған поэтикалық сәті қошеметпен және сүйіспеншілікпен қабылданды. М.Бектемірова Таалайкүл Марфуғаның қазақ тіліндегі "Жан серігім", Абдрахманов Алмаз орыс тіліндегі "Не бойся ночи" және Абдрахманов Агат қырғыз тіліндегі "Чегиртке" өлеңдерін жатқа оқыды. Кеш ертегіге айналды, айналадағы өмір соншалықты әдемі болды. Біздің әрқайсымыз поэзияның бақыт екенін сездік! Марфуға Бектеміровның лирикасы -өмірлік философия, ал ақындар мен балалар әлемнің періштелері! Зал жігерленді... ақынға да, орындаушыларға да алғыс айтылды.

  Қоғам белсендісі, "Қайрықтар қазынасы» - "Московские напевы" қоғамдық бірлестігінің  мүшесі, ақын Зайлидинова Замира Пазлидинқызы "Марфуға Бектемірованың аударма қызметі"  атты мазмұнды баяндама жасады.

  "Аруу дүйнө" әдеби бірлестігінің жетекшісі, белгілі журналист, ақын,  прозашы. Қырғыз Республикасының Мәдениет үздігі Айжан Мамасадыкова Марфуға Бектемірованың қазақ тілінен қырғыз тіліне "Жан шерігім", "Күн арийне, сени билген"деген өлеңдерін ілеспе аудармамен аударды. "Қайрықтар қазынасы» - "Московские напевы" қоғамдық бірлестігінің жанындағы "Қадамжай қайрықтары" әдеби клубының жетекшісі ақын, прозашы, белсенді қоғам қайраткері Гүлбара Тахтарова "Ертегім сенсің"өлеңін оқыды.

    Тұмара Әбдіназарқызы Шабданова қырғыз тілінде "Аққуым менің, қайдасың?"( Марфуға Бектемірованың сөзі, Әнуарбек Бекжановтың музыкасы) әнін бұлбұл үнімен шырқады.

 Марфуға апайды еске алу кешінің музыкалық - лирикалық бөлімінде қазақ диаспорасы тарапынан Айгүл Медогалиқызы Иришева "Белый парус мечты»,   Асқар Кенжебаев  «Я тебя люблю, песня», Ақнұр Сыздық «Бір ғанибет өлең жазу өмірде», Қайрат Тілебалдиев  "Белый цвет со мною неразлучен» өлеңдерін оқыды. Ақнұр домбырамен Құрманғазының  жігерлі де қуатты «Балбырауын» күйін орындаса, Асқар «Ананшым» әсем әнін шырқады. Тыңдаушылар Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін де жылы қабылдады.

  Кеш соңында Қазақстан Жазушылар одағының, Халық дипломатиясы Халықаралық Достастығының мүшесі, ақынның жары, жазушы Есенгелді Сүйінов Марфуға Бектемірованың талантты, қайталанбас тұлға екенін, қазақ поэзиясында дарыны жоғары бағаланып, терең талданғанын, есімі елге кеңінен жайылғанын атап көрсетті.

   Мәскеуде еске алу кешін өткізу жайлы біз сөйлескенде, Есенгелді аға кешті лайықты өткізу жайлы қобалжып, «Мәскеуде көптен бері болған жоқпыз, поэзия сүйер қауым жинала ма, Марфуғаның шығармаларын жұрт оқи ма екен?» деп жиі сұраған еді. Ақын тірі кезінде Мәскеуде шығармашылық кешін өткізуді армандапты. Оның аңсаған асыл арманын орындай алмай кеткені өкінішті. Бірақ біз  Ресейдің қасиетті жерінде, Мәскеудің қақ ортасында, бүкіл әлемге әйгілі кітапханада ақынның шығармашылық кешін өткізіп, сол ізгі арманын жүзеге асырдық.

   Осы күні Марфуға Бектемірованың сыршыл да ойлы, нәзік сезімге толы жақұт жырлары өзінің аққу әніндей орыс, қырғыз, қазақ тілдерінде биікте,  айқын асқақтады. Автордың өлеңдері зал ішінде зор екпінмен, асқақ дауыспен естілді, жыр жолдары бірден, жеңіл аударылды. Атақты ақындар мен аудармашылар тарапынан Марфуғаның өлеңдерін орыс, ағылшын, қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен тілдеріне аудару жайлы ұсыныстар жасалды. Ақынның поэзиясы бұлақ суындай мөлдір де таза, оқырмандарға жақын. Соның тамаша өлеңдері арқылы көбі жаңа поэзия әлемін ашты.

    Кештің басты ұйымдастырушысы, ақын, аудармашы, Қырғыз Республикасының Мәдениет үздігі, Ресей Жазушылар Одағы МОЖ және Қырғыз Республикасының Ұлттық Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан халық дипломатиясы халықаралық Достастығының (ХДХД) вице-президенті Жанна Сабаева көзге түскен кешке қатысушыларға және Марфуға Бектемірованың өлеңдерін оқушыларға  ХДХД қоғамдық бірлестігінің  Президенті, ақын, бүкіләлемдік деңгейдегі публицист, халық дипломаты Бақыт Төлегенұлы Рүстемовтың атынан медальдар мен дипломдар тапсырды.

 Ұйымдастырушылар «Санкт-Петербургтің Орынбор жерлестігі»  РҚБ Президенті, педагогика ғылымының кандидаты, доцент, РФ Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы Орталық ғалымдар үйінің мүшесі, қоғам қайраткері Айгүл Иришева, волонтер, Мәскеудегі қырғыз қоғамының белсендісі, "БИРГЕ"медиа-ресурсының бас редакторы және негізін қалаушы Гүлназ Опузбекова  «Ресей-Қазақстан-Қырғызстан: "Жүрекпен жүрек жіптей жалғанады, бұл достық деп аталады" жобасы аясында  көрнекті қазақ ақыны, қоғам қайраткері  Марфуға Бектемірованы еске алуға арналған «Белый парус мечты» шығармашылық кешінің қорытындыларын шығарды. Олар қырғыз бен қазақ диаспорларының  өкілдеріне, жоғары оқу орындарының студенттеріне, мәдениет, білім қызметкерлеріне, Ресей Жазушылар одағына ризашылығын білдірді.

    Еске алу жиынында әртүрлі жастағы адамдар ақынның шығармашылығы туралы мазмұнды баяндамалар жасады, тартымды эсселер мен шуақты жырлар оқыды. Ресейдегі Қазақстанның елшілігіне, Мәскеу мен Мәскеу облысындағы түрлі Жазушылар Одақтарына, қырғыз дисапорасының қоғамына, Ресей Мемлекеттік Кітапханасының Шығыс әдебиеті орталығына осындай мағыналы кешті өткізуге қатысып, қолдау көрсеткені үшін көп рахмет!

   Кешке қатысушылар ертегі секілді осындай поэзия кешін сыйлағанымыз үшін әлі күнге шейін алғыстарын айтып, жазуда. Иә,  көрнекті қазақ ақыны  Марфуға Бектемірованы еске алып, рухына тағзым жасау үшін, достық пен ынтымақтастықты нығайту үшін осы игі шараны біз атқардық. Бұл кеш тарихта мәңгі қалады.

 

Жанна Сабаева,

Мәскеу, Мамыр 2025 жыл