НАЗЫМ БАЙОРАЛОВАНЫҢ ЖАҢА КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

 

Қазақтың белгілі ақын қызы Назым Байоралованың «Көгентүп» атты өлеңдер кітабы жарыққа шықты. Кемел шағына келген ақын жаңа жыр жинағына әке тағдырын арқау ете отырып, Ұлы Дала, Тәуелсіздігіміз, Ел мен Жер, атамекен, көгентүп – түпқазығын кең тыныспен, кесек оймен, өзіне тән қазақы мәнер, нәзік өрнегімен сомдайды.

   Qalamger.kz әдеби порталы ақынды және барша жырсүйер қауымды  қуанышты жаңалықпен құттықтайды!