АҚЫН ӘСЕЛ ОСПАННЫҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

   

Ақын Әсел Оспанның «Үмітімнің Үркері» атты жаңа жыр жинағы жарық көрді. Бұл жыр жинаққа ақынның кейінгі жылдарда жазылған жауһар, сыршыл жырлары топтастырылған. Әсіресе, туған жер, туған дала, жастық тақырыбындағы өлеңдері оқырманды табиғилығымен өзіне баурап алатын қасиетке ие. Сондай-ақ, шығыс шайырларының үлгісімен жазған топтама өлеңдері де тың ізденіс, сәтті қадам. «Үмітімнің Үркері» - Әсел Оспанның жаңа белесі, жан сыры.

  Qalamger.kz әдеби-танымдық порталы ақынды және барша жырсүйер қауымды  қуанышты жаңалықпен құттықтайды!