АҚЫН ЕДІЛБЕК ДҮЙСЕННІҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Ақын, аудармашы Еділбек Дүйсеннің «Қалалық құстар» атты жаңа кітабы жарық шықты. 1000 данамен басылып шыққан кітаптың демеушісі  қарағандылық меценат Бекзат Алтынбеков. Қазіргі қазақ поэзиясына өз өрнегімен келген жас қаламгердің осы жинағына болмысы бөлек өлеңдері әрі әлем әдебиетінің айтулы тұлғаларының ой-толғаныстары мен сұхбаттарын ана тілімізде сөйлеткен аудармалары еніп отыр.

  Ойлы оқырманмен қауышқан жаңа кітабымен Еділбекті шын жүректен құттықтаймыз!