АМАНГЕЛДІ БҰҒАБАЕВ. САҒЫМДАЙ ҮМІТ АЛДАР-ДЫ...

 

АҒАҒА СЫР

Сен де елессің, Ес-аға, мен де елеспін,

Дүние қуған бірақ та, пенде емеспіз.

Крез патша бай еді, несі қалды?

Ой жүгіртпей жүр бұған елдегі ессіз.

 

Көрген күні күн емес, тірлігі азап,

Таз кейпіне баяғы кірді қазақ.

Ар-намысын долларға айырбас қып,

Кетердеген суық ой жүрмазалап.

 

Жерін алсаелдіктен несі қалды?

Құлдық өмір көрерің есік алды,

Қара халық не істесін –шарасы жоқ,

Жаудай талап пысықтар есін алды

 

Іздегі іні білмей жүр кімге ұсарын,

Қайда барсаң естірің, мұңды сарын.

Шара таппай қыларға алас ұрып,

Амалсыздан, ағасы мұң құшамын.

 

Елсіз ердің ағасы, сәні бар ма?

Жажа елің құл болса, шағынарға:

Құдай–алыс, бек–керең, ер–бұғаулы,

Жігер жасып, ұласар әні зарға.

 

Заман неден бұзылды?

Мен не білем,

Қағынғандай қарасаң жөргегінен.

Қайда барсаң қуғаны қулық-сұмдық,

Қарын қамын ойлаған пенде, кілең.

 

 

ДОСЫМА ХАТ

 I

Жайымды айтсам жан досым,

Кезім бұл мейір аңсаған.

Өзгеден көңіл қалғасын,

Мұң шағып тұрмын мен саған.

 

Адасып жолда сан тарау,

Түңілген күнім қаншама.

Мүмкін бе, айтшы шаршамау,

Сіріден жаның болса да?!

 

Сарсылып кездім қиырды,

Қиналды қанша әз-жаным.

Жарқылы қалған миымда,

Кұйындай тиген азба күн?!

 

Алып та, қайсар жанша бір,

Көтердім күліп дегенмен.

Табаннан кіріп сан шөгір,

Қинала басып келем мен.

 

Тоғыз бал теңіз толқыны,

Қакпақыл қылған кемесін,

Жандай-ақ ойға малшынып,

Малтыға басып келесің.

 

Білмейді екем өмірді,

Тұрады деуші ем арманнан,

Тозағым – жұмақ көрінді,

Түңіліп мына жалғаннан.

 

«Азба у, сірә, ішпеген»,

Ертеңім, ертең кайғы боп.

Көтеріп келем тістене,

Тиген жоқ тірлік жайлы боп.

 

Таңдаған өзім жол ауыр.

Кешпеске тірлік ләппайлап.

Тоқсан жол өмір тарауы,

Мұратын қуған таппай ма?!

 

Қарынның құлы құлға есеп,

Аталмас құлың жанға сан.

Қасқиып бұлай тұрмас ек,

Тұратын Мұрат болмаса.

 

Сағымдай үміт алдар-ды,

Көрген түс сынды адамды.

Талқылы-тағдыр жолдары,

Бұралаң, әрі қараңғы.

 

ІІ

Қиын ғой жаның түсінбей,

Тілдесе, тілде у қанша.

Осынау қылығы үшін бе,

Тумаса дейсің туғанша.

 

Бармағың тістеп, әттеген,

Әттеген, дейсің тістеніп.

Сені ме, сені, қап, бәлем,

Дейсің де, ашу іште өліп.

 

Кетесің безіп бәрінен,

Қайтесің қылар жоқ амал?!

Емдер де уақыт дәрімен,

Орнығып көңіл оңалар.

 

Ашудың өткен бәрі үмыт,

Жетесін қайта сағынып.

Кеудеңде гүлдеп ақ үміт,

Мейір боп сезім ағылып.

 

Татулық тәтті екен деп,

Жақсы ғой қайта табыскан.

Көңілге тимей бекерге,

Әзілмен жетер қағытсам.

 

 

КІМ КІНӘЛІ

 

Көкке қарап талпия ма мұрындар,

Оған мейлің шырылдама, шырылда,

 

Көздің жайын түсінбейді жылаулы,

Ауыз қалар аңқиюмен сұраулы.

 

Момын құлақ кімге барып ұрынсын,

Сөз естиді текке байғүс мұным шын.

 

Тіл шығады шындықты іздеп безектеп,

Әңгімені әсірелеп өзі ептеп.

 

Адам сынды бар өзінің сияғы,

Мақтасаң да, даттасаң да сияды:

 

Бірде қанжар қиып түсер жалақтап,

Бірде шабар айдалаға далақтап,

 

Талпима деп алды сынға мұрынды,

Талай мұрын тіл себепші ұрылды.

Бізге мирас әңгіме бұл бұрынғы,

 

Ал, бүған кім кінәлі?

Таразылар шыққан жан жоқ мұны, әлі.

Ойлап көрсек билеп түрған жасырын,

Сауыт киген бас-екеңіз шығады.

 

***

Мен де отызды әлдеқашан ұзатқам!

Кырыққа да көп қалған жоқ,

әудем-ақ жер–жүз аттам.

 

Бірақ, менің бұзған әлі ордам жоқ

Тұра алғам жоқ, әлсіздерге қорған боп.

 

Көкірегіме ұя салып жүз арман,

Жүз деймін-ау, шетсіз, шексіз түп орман.

 

Менің бүгін ұлы жолға бастаған.

Қанша асуым бар әлі алда аспаған.

 

Кешегі күн жиырма бестің отымен,

Дауылдатып, жауындатып өтіп ем.

 

Көп екен шөл тамшы жаңбыр тамбаған.

Көп екен жан мейірге бір қанбаған.

 

Адым сайын теңсіздікпен кездестім,

Ақын айтпай, айта алмайды өзге ешкім.

 

Теңдік пенен әділетті ту қылып,

Көңіл кір ме тазартамыз жудырып.

 

Жел боп қуған қайғы бұлтын түнерген.

Дастан арнап Толағайдай шын Ерме?!

 

Жауыздыққа майдан ашам ғаламат,

Гүлзар баққа айналғанша бар алап.

 

Мендік өмір өтеді енді күреспен,

Бостандықтың рухында ұл өссін.

 

Шаттық сыйлап ұмыттырам қайғыны,

Жер бетінде орнағанша жайлы күн.

 

Айқын менің, барым сарқып бермегім,

Мамыражай тірлік үшін елдегі.

 

Ей, ақыным, жерұйықты арман қып,

Шарлап өтер мынау фәни-жалғанды,

 

Жалғыз өзің деп пе едің? –

Дейсің-ау дос, бәрі, бәрі тамаша!

Арман қуып жетем демей,

Қиял елін мекендемей күн кешкен,

Адамдардың биігі алар аласа!..