2023 жылғы 23 сәуірде Астана қаласында «EURASIAN BOOK FAIR – 2023» Еуразиялық халықаралық VI кітап көрме-жәрмеңкесі аясында болашағынан үміт күтірген жас қаламгер Әлішер Рахаттың «Махаббатым – constant» атты романының тұсаукесері өтеді.
Әлішер Рахат – еңбектерімен әдеби ортаны елең еткізген, романдарымен оқырмандардың жүрегіне жол тапқан қаламгер. Махаббат хикаясы туралы кітабы арқылы жастардың ықыласын өзіне аударып, талғамы жоғары оқырманның таңдауына сай туынды ұсына білген жас талант.
«Махаббатым – constant» атты романының жастар арасында танымалдыққа ие болуының өзіндік сыры бар.
Таныс қала, таныс көше, таныс үй. Романда өрбіген оқиғалар желісі Алматы қаласында орын алған. Тіпті шығармада көрсетілген орындар мен мекенжайлар да бәрі елге таныс.Өзі білетін және күнде көріп жүрген таныс жерлерде орын алған сырлы сезімге толы махаббат хикасы оқырмандарды керемет әсерге бөлейді.
Кітап сүйер қауым, әсіресе қазақ тілді жастар аудиториясы күнделікті қаланың өмірінен сыр шертетін, екі жастың арасындағы ғашықтық сезімі, құштарлық пен ынтызарлық, жалындаған махаббат туралы баяндайтын шығарманы жақсы қабылдады.Тұрақсыз махабаттың шырағы жанбайтыны белгілі. Автор қос ғашықтың арасындағы шынайы ақ махаббатқа, тұрақтылыққа сенеді.
Әлішер Рахаттың «Махаббатым – constant» атты романы «Фолиант» баспасынан жарыққа шықты.
Еуразия кеңістігіндегі ең ірі халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі биыл алтыншы рет 19-23 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында өтеді (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1).
«Eurasian Book Fair 2023» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің атқарушы дирекциясы (тел: +7 707 371 0301; e-mail: info@eurasbook.com)