«ЖУСАН ИІСІ» АТТЫ ӘДЕБИ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сайын Мұратбековтің 85 жылдығына орай, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен  «Janr» Жетісу әдеби клубы Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің қолдауымен  «Жусан иісі» атты әдеби байқау  өткізеді.

                                    

1. Байқау бір номинация (әңгіме жанры) бойынша өтеді.

2. Байқауға 18 жастан асқан барлық авторлар қатыса алады.

3. Байқау еркін тақырыпта өтеді. Бірақ әдепсіз сөздері бар, тәрбиелік құндылығы төмен, басқа бір адамның, ұлттың ар-ожданына нұқсан келтіретін шығармалар жіберілмейді.

4. Байқауға бұрын бәйгіге түсіп, жүлде алған шығармалар мен газет-журналдарда жарияланған әңгімелер қатыстырылмайды.

5. Шығарманың көлемі 30 (А4 нұсқасында, 14 шрифт, Times New Roman шрифі) беттен аспауы шарт. 

6. Шығармалар 2021 жылдың 15 қазанынан бастап, қараша айының 15 жұлдызына дейін қабылданады. Байқаудың қортындысы жеңімпаздарға арнайы хабарланып, әлеуметтік желіде жарияланады.

9. Байқауға ұсынылатын шығармалар oqy_zaly@mail.ru электронды почтасы арқылы қабылданады. Бір автор бір шығарма ұсынуға құқылы. Автор бәйгіге қосқан шығармасымен бірге өзі туралы толық мәлімет беруі керек. (атыжөні, қызметі, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны)

10.Байқауға түскен шығармалар Qalamger.kz әдеби-танымдық порталының «онлайн байқау» бөліміне авторсыз жарияланып отырады.

Байқауға барлығы үш жүлде тігіледі.

1-орын. 300 000 тг

2-орын.  200 000 тг

3-орын.  150 000 тг

 

Туындаған сұрақтар бойынша  төмендегі телефонға хабарласыңыз.  8 775 6519268