«JAS QALAM» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТЕДІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ «JAS QALAM» АТТЫ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ҮЗДІК ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ!

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы, «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ

Байқаудың мақсаты: 2022 жылды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар» жылы деп мәлімдегені баршаға белгілі. Бұл ретте қоғамда балалар шығармашылығына көңіл бөліну керектігі, аталған бағыттың елімізде кенже қалғаны туралы пікірлер баршылық. Елдің тірегі, болашағы – бүгінгі жас өрендеріміз екенін ескерсек, әдебиет балаларымыздың санасына сәуле шашар негізгі тәрбие құралы екені айдан анық. Әдебиет арқылы балалардың ой-өрісі, қиялы қалыптасады. Ертегі, өлең сынды әдебиет маржандарымен сусындап өскен баладан келешекте мықты тұлғалар шығатынын болжау қиын емес. Біздің тарихымызда оған мысал көп. Аталмыш байқау осындай мақсатта сонымен қатар балалар әдебиетіне қалам тербеуге мүдделі қаламгерлер қатарын көбейтуге, әрі бүгінгі әдебиетке балалар әдебиеті бағытындағы жаңа шығармалар легін қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл байқауды биылғы балалар жылы аясындағы озық шаралардың бірі деп  атауға болады. Келіп түскен шығармалардың кітап болып жарық көретінінен бөлек байқаудың қомақты қаржылай жүлдесі арқылы жас қаламгерлердің шығармашылығына қолдау көрсету көзделген.

Байқауға шығармалар төмендегі үш жанр бойынша қабылданады:

- Проза;

- Поэзия; 

- Драматургия.

Жүлделер әр жанр бойынша:

І орын: 1 000 000 теңге

ІІ орын: 800 000 теңге

ІІІ орын: 500 000 теңге

Байқауға шығармалар 10 желтоқсанға дейін ғана қабылданады!

 Шығармалардың рәсімделуіне қойылатын талаптар:

Проза: 10 беттен кем емес, пішіні: 14,Times New Roman қарпімен, 1 интервал.

Поэзия: 10 шумақтан кем емес, пішіні: 14,Times New Roman қарпімен, 1 интервал.

Драматургия: 15 беттен кем емес, пішіні: 14,Times New Roman қарпімен, 1 интервал.

Бұрын жарияланған шығармалар қабылданбайды. 

Қатысушыларға арналған талаптар:

- Байқауға қолынан жазу келетін, 18-35 жастағы ҚР аумағында тұратын кез-келген қаламгер қатыса алады;

- Әр қатысушыдан тек бір ғана аталым бойынша шығарма қабылданады 

Қатысушыларды іріктеу критериилері:

 

1. Байқауға компьютерде терілген шығармалар қабылданады. Шығармаларды қабылдау үшін әр қатысушы өзінің толық аты-жөні, өзі туралы толық мағлұмат (жасы, байланыс нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орны,шығармашылық өмірбаяны) ұсынылған қатысушы парағын толтырып жіберуі тиіс. (Ережеге Қосымша №1 қатысушы парағы тіркелген).

2. Сапалы орындалған жұмыстар ғана қабылданады. (қолжазбалар байқауға жіберілмейді).

3. Келіп түскен шығармалар сараптама кезеңіне нөмірленіп ұсынылады. Яғни сарапшылар авторға емес тек шығармаға баға береді.