ЖАЗУШЫ АЯГҮЛ МАНТАЙ МЕЗГІЛСІЗ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

 Қазақтың талантты жазушысы Аягүл Мантай мезгілсіз дүниеден озды

 

 

Аягүл Мантай– Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Алматыдағы «Жалын» баспасынан «Жаңбырлы көктем», 2019 жылы Астанадағы «Qalamger.kz» баспасынан «Жүрекке оралу» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

 

Ол «Серпер» Жастар сыйлығының лауреаты, Баққожа Мұқай атындағы әдеби байқаудың жүлдегері болған. Сонымен қатар, 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері атанған.

 

Qalamger.kz әдеби-танымдық сайтының ұжымы жазушының отбасына, қаламдастарына және оқырманына қайғыра көңіл айтады.