Белгілі жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы өмірден озды.

 

Qalamger әдеби-танымдық сайтының ұжымы жазушының отбасы мен туған-туыстарына, қалың оқырманға көңіл айтады.

Несіпбек Дәутайұлы - 1947 жылы 30 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1972—1980 жылдары аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші болған. Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы,Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры қызметтерін атқарған.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің Бас жүлдегері болған.