Әдебиет әлемінде Гүл Зарқұмар атымен танымал, белгілі ақын Бақытгүл Баймолдақызы дүниеден озды.
Бақытгүл Баймолдақызы (Гүл Зарқұмар) – 1974 жылы 15 қыркүйекте Монғолияның Улаанбаатар қаласында дүниеге келген. Монғолия қазақ ақындары арасында өткен «Алтын жебе» жыр мүшәйрасының (1992ж), Ақтан Бабиұлының 100 жылдығына арналған мүшәйраның (1997ж) бас жүлдегері. Монғолия Жастар одағының алтын медалінің иегері.
2012 жылы «Жалын» баспасынан «Жүректегі жүзік» атты кітабы жарық көрді. Өлеңді монғол, қазақ, орыс тілінде де жазған.
Qalamger.kz сайты ақынның отбасына, жақындарына қайғыра көңіл айтады.