6

Жазушы, журналист Сара Латиева дүниеден өтті

Qalamger.kz әдеби порталы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, журналист Сара Латиеваның дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне қайғыра көңіл айтады.

Сара Латиева – саналы ғұмырын журналистика мен әдебиетке арнаған, ұлттық руханияттың дамуына сүбелі үлес қосқан қаламгер еді. Ол өз шығармаларында адам тағдырын, қоғам тынысын терең әрі шынайы бейнелеп, оқырман жүрегінен орын тапты. Қай салада қызмет етсе де, өз ісіне адалдықпен қарап, сөз өнерінің қадір-қасиетін жоғары ұстап, елге қызмет етуді өмірлік мұрат тұтты.

Марқұмның жарқын бейнесі, адами асыл қасиеттері мен рухани мұрасы оны таныған барша жанның жүрегінде мәңгі сақталады.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта, топырағы торқа болсын.