Қазақтың халық ақыны Әселхан Қалыбекова өмірден озды.
Түркістан облысының «Құрметті азаматы», «Құрмет», “Парасат” ордендерінің иегері Әселхан Әлішерқызы 1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген еді.
Жазушылар одағы Жамбыл атындағы сыйлығының тұңғыш иегері (1989). Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен Қазақ КСР – ның Халық ақыны құрметті атағы берілді (1990 ж. 6 сәуір).
Айтыс өнерінің ақтаңгері Әселхан Қалыбекованың “Отырар аспаны” (1994), “Басыңды тікпей бақ қайда?! ” (1990-2000), “Алладан пәрмен сұраған” (2000), “Сырттан кеткен тамырлар” (2004), “Жыр-Шапағат” (2008), “ Әселхан Әлемі” (2008) атты кітаптары жарық көрген.
Қазақтың халық ақыны Әселхан Қалыбекованың қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен ағайындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.