АҚЫН ЖӘРКЕН БӨДЕШҰЛЫ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ


Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасына  қараған шағында қайтыс болды. 

Жәркен Бөдешұлы –1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Жармұхаммед.

 ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Әр жылдары Мерзімді басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бөлім меңгерушісі, ҚР жазушылар одағында әдеби кеңесші сияқты қызметтерде болған.  

 Қаламгердің «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су», «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланған. «Жұлдызға орнын ай бермес», «Көкше құрақ», «Қос қанат» өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген.

Qalamger.kz әдеби-танымдық порталы жазушының жақындарына, отбасына және оқырмандарына қайғыра көңіл айтады.