Пәк боп туған адамдар, жұмбақ жандар,
Ән оның жамылғысын жұлмасын тек.
Бір бастасаң, қайтадан өзгермессің.
Гректер төрт стихияны атайды: от, су, ауа және жер, Гельдерлиннің поэзиясы осылардың үшеуін қамтыған: мұнда тек жер жоқ, салмақтылықтың, беріктіктің символы болып табылатын жер, күңгірт те тұтқыр, жалғастырушы да, жасап шығарушы да ретіндегі жер Гельдерлинде жоқ.
Оның өлеңдері көкке өрлеп бара жатқан оттан жаралған, өйткені от – ұшудың символы, адасып, қалқып жүрген мәңгілік бұлттар секілденіп, самал желдей ескен оның өлеңдері ауадай жеп-жеңіл; оның өлеңдері су сияқты тап-таза және мөп-мөлдір. Ол сан түрлі бояуларымен құбылады, ол қашан да қозғалыста, жағаға соғып, кері қайтып тыным таппайды, ол – жасампаз рухтың мәңгілік тынысындай. Оның өлеңдері тамырын тереңге жібермейді, бастан кешкендері оны өзіне байлап тұрып алмайды, ол қашан да ап-ауыр, молшылыққа бөккен қара жерді жек көріп, қашып бара жатады: оның болмысында отанын да білмейтін, тыным да таппайтын қаңғыбас бұлттарға ұқсас бір нәрсе бар, біресе шабыттың таңғы сәулелерімен шұғыла шашып, біресе меланхолияның көңілсіз көлеңкесінде жүреді, осылардың ымырт қараңғылығында отты найзағай жарқ ете қалады да, пайғамбар үнінің күркірі естіледі.
Бірақ олар қашан да жоғарғы, эфирлік әлемде жүреді, жер бетінен қашықта, көз жетпейтін, тек сезіммен тана сезілетін жақта жүреді. Гельдерлин бір сөзінде ақындар туралы «Өлеңде олардың рухы қалықтап ұшып жүреді» деген еді, осы қалықтап ұшу, бастан кешкеннің осы көрінісі музыкамен шешімін тауып, от сияқты көкке өрлейді. Бәрі де жоғарыға бағытталған: материя жанып, буға айналып, күлге айналғанда «Рух жылумен эфирге ұшып кетеді», сезім де заттанады.
Гельдерлин үшін поэзия – қатты, қарапайым заттар субстанциясының рухқа айналуы, әлемдік сублимацияның әлемдік рухқа айналуы, бірақ ол оның қоюлануы да емес, тығыздалуы да емес, заттануы да емес. Гетенің ең рухтанған өлеңдерінің өзінде де материя сезіледі, оны сол өлеңнің жемісі тәрізді дәмін татасың, ол біздің барлық сыртқы сезімдерімізде сезіледі, ал Гельдерлиннің өлеңдері мұның бәрінен де сыртып шығып кетіп отырады. Ол қалай да шалқып тұрады және қашан да тірі дененің жылылығының кішкене болса да бір бөлшегі сақталған, мезгілдің, жас шамасының хош иісі, қара жердің және тағдырдың ащы дәмі сақталған: онда адамның, яғни, Иоганн Вольфганг Гетенің бір кішкентай бөлшегі және оның әлемінің бір үзігі де бар. Гельдерлиннің өлеңдері күллі жеке ерекшеліктен саналы түрде ажыратылған: «жеке бастың мәселесі поэзияны таза күйінде қабылдауға кедергі келтіреді» дейді ол түсініксіздеу, бірақ ап-анық қылып.
Осындай дематериализациясының арқасында оның өлеңдерінің статикасы да өзіндік ерекшелікке ие: олар өзімен өзі болып, тұйықталып қалмайды, олар әуеде ұшу инерциясы сияқтанып қалықтап тұра алады; періштеге ұқсас болып көрініп, яғни, тап-таза, аппақ, ешқандай жынысқа жатпайтын, жерге тимей ұшып жүрген түс сияқты әсер береді, олар ғажап-үлпілдек, өз әуенінде балқып жүргендей сезіледі. Гете өз туындысын қара жерге нық басып тұрып сомдайды, Гельдерлин жер бетінен көкке ұшып шығып сомдайтындай: поэзия ол үшін (Новалис үшін де, Ките үшін де, жалпы ертерек кетіп қалған барлық ғұламалар үшін де) ауырлық күшін жеңу, сөздің дыбыс ішінде балқып кетуі, дауылдап тұрған стихияға қайтып оралу.
Қара жердің, яғни, қаттылық пен ауырлықтың және ғаламшардың төртінші стихиясының Гельдерлин поэзиясының қалықтаған болмысына ешқандай да қатысы жоқ: ол ақынның көз алдында мәңгілік өзгермеген қалпында, қарабайыр, жау ниеттегі бастау ретінде қала береді, оның мұндай жағдайдан кетіп қалғым келеді, бірақ, тартылыс күші оның болмысының жер бетінікі екендігін қайта-қайта есіне салады. Алайда, суреткер өнердің қасиетті күшін жерден де ала алады: кім де кім пайдалана алатын болса, жер адамға қаттылықты да, дәлдікті де, жылу мен көлемді де, құдыретті толысқандықты да береді. Дәл осындай рухтық құштарлықпен өлең тудырған, бірақ ол өлеңдерінің материалдарын жер бетіндегі заттар әлемінен ғана алатын Бодлер – шриктердің ішіндегі Гельдерлиннің ең айқын антиподы. Оның өлеңдері қатталып, престелген сияқты (Гельдерлиннің өлеңдері туралы «балқыған» деп қана айта аласың), бұл – мәңгілікке төзімділігі жағынан Гельдерлиннің музыкасынан кем түспейтін рух культурасы. Бодлер өлеңдерінің кристаллдығы мен ауқымдылығының тазалығы Гельдерлин өлеңдерінің мөп-мөлдір тазалығынан және қалықтаған жеңілдігінен кем түспейді, олар бір-біріне аспан мен жер сияқты, бұлт пен мәрмәр сияқты қарама-қарсы тұр.
Бірақ екеуінде де өмірдің асқақтауы және пластикалық болсын, музыкалық болсын өнерге айналуы ең жоғары сапалылығына жетеді: олардың ортасында сансыз поэтикалық кескіндер жатыр, олардың ішінде жермен түрлі деңгейде байланысы барлары да, жерден бөлініп кеткендері де бар, бірақ бұлардың барлығы да керемет ұшқын шашқан өтпелі формалар. Гельдерлин мен Бодлер ең шеткі сызық, бұл екеуінде ең жоғары деңгейдегі қоюлану бар және ең жоғары деңгейдегі еріп-балқу бар. Гельдерлиннің поэзиясында нақтылықтың бұлайша жуылып кетуі арқылы немесе оның өзі Шиллердің бағытында айтқанындай, «кездейсоқтықтан арылуы» арқылы оның поэзиясының заттануы жойылды, содан да болар оның кейбір өлеңдерінің тақырыптары өлеңнің басында тектен текке тұрады: оған мысал ретінде Рейнге, Майнға, Неккарға деген үш одасын айтсақ та жеткілікті, тіпті оның табиғат көріністерінің өзін де тани алмай қаласыз: оның қиялында Неккар аттикалық теңізге барып құяды, Элладаның храмдары Майн жағалауларында нұр шашып тұр. Оның өз өмірі де символдардың ішінде жүзіп жүреді, Сюзанна Гонтар тұрақсыз Диотиманың образына айналған, өзінің неміс отаны мистикалық «Germania» істен елге айналған, оқиғалары – біреудің көріп отырған түсі сияқты, әлем – миф сияқты әсер береді; барлығы да лирикалық отқа жанып, күнделікті көріп жүрген зат атаулының бәрі, тіпті автордың өзінің де тағдыры сол отта жанып бітіп, тіпті күлі де қалмайды.
Гельдерлинде өзінің ішкі мұңы өлеңге айналмайды (Гетедегі сияқты),ол өлеңнің ішінде еріп, жоқ болып кетеді, түйірі де қалмастан бұлтқа, әуенге айналып кетеді. Гельдерлин өмірді поэзияға айналдырмайды, ол өмірден қашады, өз болмысының ең жоғары, ең шынайы көрінісі ретіндегі өлеңге қашады.
Жер бетіндегі осындай тағдырының күшінің аздығы, өмір жолындағы айқындықтың, икемділіктің жоқтығы Гельдерлин поэзиясының объективті-заттық мазмұнының ғана емес, оның тілінің де заттық қасиетін жоғалтады, оның тілі құнарлы емес, сезімге бай да емес, бояуы қанық та емес, ауқымды материя да емес, оның тілі мөлдір, жұп-жұмсақ бұлт сияқтанған субстанция. «Сөз дегеніміз – басы артық нәрсе», бұл сөзді ол Гиперионның аузына салады, ал Гельдерлиннің өзінің сөз байлығы соншалықты көңіл аударарлықтай емес: ол сөзді мол тасқынның ішінен екшеп алғанды қаламайды, таңдап-таңдап алған сөздің өзін сараң және есеппен ғана қолданады. Оның лирикасының сөз байлығы Шиллер поэзиясының тілінен он есе және халық тіліне еркін бойлап, базардың тілін де еркін қолданатын, сөйтіп оның ішкі заңдарын түсініп, бір жағынан өзінің тіл байлығыны шығармашылықпен байытатын Гетенің сөз байлығына жүздеген есе жұтаң шығар. Дегенмен Гельдерлин сөзінің қайнар көзі тап-таза, сүзгіден өткен, қандай да бір күшке салып, тырмысушылықтан аулақ, ал ең бастысы түрлі иірімдерге толы.
Сөз қолданысындағы мұндай өзін өзі шектеушілігін және бүкіл сезілетін әлемнің бәрінен бас тартуының қауіпті екендігін оның өзі де мойындайды. «Маған жетпейтіні – күштілік емес, маған жеңілдік жетіспейді, идеялар емес, иірімдер керек, негізгі реңк емес, реңктердің түрлі-түрлі топтамалары, жарық емес, көлеңке керек және осының бәрінің себебі біреу ғана: мен шынайы өмірдегі жабайылықтан және қарабайырлықтан қатты қорқамын». Ол жоқшылықты, жұтаңдықты қалайды, тілін тарылтылған шеңбер ішінен шығарғысы келмейді, ондағы мақсаты – қарбалас әлемнен бір тиын да алмау. Гельдерлин үшін лириканың тілі бейбіт сипат бергеннен гөрі, «сәнденіп, әшекейленіп жатпай-ақ, дыбыстың бір салтанатынан екіншісіне еркін өтіп, әрбір дыбыс үйлесімділікпен алмасып келіп, тұтастықты құраса» – сол маңыздырақ, өйткені, оның ойынша, поэзияға кәдімгі қара жер бетіндегі нәрсе ретінде қарауға болмайды: оны құдыретті нәрсе ретінде тек алдын ала сезінуге ғана болады. Бейқамдыққа ұрынып қалу қаупін ол таза поэзияның алдында күнә жасау қаупімен бірдей санайды: сөздің тазалығы ол үшін байлықтан қымбат.
Сондықтан да (шебер варияцияларда) «құдыретті», «көк тәңірдің күші», «қасиетті», «мәңгілік», «жан рахаты» деген сөздер шексіз қайталана береді; ол өзінің поэзиясына көнелігімен жарқыраған, рухани байытылған сөздерді ғана қолданып, ал уақыттың тынысымен келген, халықтың денесінің жылуымен жылытылған, қолдана-қолдана тозған және жыртылған сөздерді поэзияға жолатпайды. Үнемі ақ, сықиған киім киіп жүретін, өз ісіне әбден берілген адамдардай Гедьдерлиннің өлеңдері де тілдің салтанатты, әшекейі жоқ киімдерін ғана киіп шығады, оның сәнқой, жеңілтек, құбылмалы ақындардан айырмашылығы да осында. Ол жан-жағына қасиетті, мерекедегідей хош иіс таратып тұратын бозамық, көп мағыналы сөздерді әдейі қолданады. Мұндай асқақ сөз полотналарында шырыны тамшылаған, ап-айқын бедерленген, икемді, сезімтал ештеңе жоқ.
Гельдерлин ешқашан да сезімге жұғымды әсер ететін ауқымды, ашық сөздерді қолданбайды: ол салмақсыз, жоғары қарай ұшып тұрған, өлеңді алыс әлемнен экстаздың таулы, құдыретті әлеміне қарай алып кететін қалықтаған сөздерді қолданады. «Жан -рахаты», «ғарыштық», «қасиетті» деген эпитеттер – мен тіпті имарды жынысқа бөлуге келмейтін періште сөздер деп атар едім, ешқандай да бояусыз, ақ полотно тәрізденіп, ақ желкен…, я, ырғақтың дауылына, шабыттың тынысына қаныққан ақ желкен тәрізденіп, өзінің сымдай тартылған матасын дөңгелектеп алып, алыстарға аттанады. Гельдерлиннің бар күші, барлық күші (бұдан бұрын да айтып кеткенімдей), оның шабытының шалқар күшіне келіп тоғысады: барлық заттарды, демек, соның ішінде сөздерді іс ол басқа аяға көтеріп шығарады, сол жерде олар жаңа өзіндік салмакқа ие болады. Ол – азып-тозған, үні өшірілген, жан-жағы қысылған, өлең тек «жақсы сөздердің бұлты» сияқты ғана бола алатын біздің әлемімізден мүлдем басқа әлем.
«Құйылып тұрған» әндегі бос, бояудан арылған сөздер мұнда аяқ астынан жаңа түске еніп, эфирде ерекше салтанатпен жүзіп жүреді, оның құпия күркірі құпия мәңге ие болады. Олар маңызға емес, мән-мағынаға толы болады, олар жоғары сезімталдықты оятады: Гельдерлиннің жанға жағымды сиқыры осындай. Оның попиясы көрнекілікке ұмтылмайды, ол тек күнсәулеттілікке құмар, (ол сондықтан да пластикалық көлеңке түсіре алмайды); ол кескіндей отырып, көзге қандай да бір шынайы, қарапайым болып көрінгісі келмейді, ол көк жүзіне рухтың көзіне ғана көрінетін дүниесіз нәрсені көтеріп шыққысы келеді. Сондықтан да Гельдерлин поэзиясы үшін ең бастысы – оның дауылдаған шабытының көкке шапшуы; оның барлық өлеңдері, бір кездері өзі трагедиялық ода туралы айтқанындай, «ұлы жалында, таза рух пен таза жандүниенің шындығы шекараға бағынбай кеткен жерден» басталады. Оның гимндерінің бірінші жолы қашан да қып-кысқа болады, болмыстың прозасынан тебіне шығып, өз стихиясына еніп кету үшін поэтикалық сөзге қажет болатын үзік-үзік жүгіріс тән. Поэзиясының объективті-заттық мазмұнының ғана емес, оның тілінің де заттық қасиетін жоғалтады, оның тілі құнарлы емес, сезімге бай да емес, бояуы қанық та емес, ауқымды материя да емес, оның тілі мөлдір, жұп-жұмсақ бұлт сияқтанған субстанция. «Сөз дегеніміз — басы артық нәрсе», бұл сөзді ол Гиперионның аузына салады, ал Гельдерлиннің өзінің сөз байлығы соншалықты көңіл аударарлықтай емес: ол сөзді мол тасқынның ішінен екшеп алғанды қаламайды, таңдап-таңдап алған сөздің өзін сараң және есеппен ғана қолданады. Оның лирикасының сөз байлығы Шиллер поэзиясының тілінен он есе және халық тіліне еркін бойлап, базардың тілін де еркін қолданатын, сөйтіп оның ішкі заңдарын түсініп, бір жағынан өзінің тіл байлығыны шығармашылықпен байытатын Гетенің сөз байлығына жүздеген есе жұтаң шығар. Дегенмен Гельдерлин сөзінің қайнар көзі тап-таза, сүзгіден өткен, қандай да бір күшке салып, тырмысушылықтан аулақ, ал ең бастысы түрлі иірімдерге толы.
Сөз қолданысындағы мұндай өзін өзі шектеушілігін және бүкіл сезілетін әлемнің бәрінен бас тартуының қауіпті екендігін оның өзі де мойындайды. «Маған жетпейтіні – күштілік емес, маған жеңілдік жетіспейді, идеялар емес, иірімдер керек, негізгі реңк емес, реңктердің түрлі-түрлі топтамалары, жарық емес, көлеңке керек және осының бәрінің себебі біреу ғана: мен шынайы өмірдегі жабайылықтан және қарабайырлықтан қатты қорқамын». Ол жоқшылықты, жұтаңдықты қалайды, тілін тарылтылған шеңбер ішінен шығарғысы келмейді, ондағы мақсаты – қарбалас әлемнен бір тиын да алмау. Гельдерлин үшін лириканың тілі бейбіт сипат бергеннен гөрі, «сәнденіп, әшекейленіп жатпай-ақ, дыбыстың бір салтанатынан екіншісіне еркін өтіп, әрбір дыбыс үйлесімділікпен алмасып келіп, тұтастықты құраса» – сол маңыздырақ, өйткені, оның ойынша, поэзияға кәдімгі қара жер бетіндегі нәрсе ретінде қарауға болмайды: оны құдыретті нәрсе ретінде тек алдын ала сезінуге ғана болады. Бейқамдыққа ұрынып қалу қаупін ол таза поэзияның алдында күнә жасау қаупімен бірдей санайды: сөздің тазалығы ол үшін байлықтан қымбат.
Сондықтан да (шебер варияцияларда) «құдыретті», «көк тәңірдің күші», «қасиетті», «мәңгілік», «жан рахаты» деген сөздер шексіз қайталана береді; ол өзінің поэзиясына көнелігімен жарқыраған, рухани байытылған сөздерді ғана қолданып, ал уақыттың тынысымен келген, халықтың денесінің жылуымен жылытылған, қолдана-қолдана тозған және жыртылған сөздерді поэзияға жолатпайды. Үнемі ақ, сықиған киім киіп жүретін, өз ісіне әбден берілген адамдардай Гельдерлиннің өлеңдері де тілдің салтанатты, әшекейі жоқ киімдерін ғана киіп шығады, оның сәнқой, жеңілтек, құбылмалы ақындардан айырмашылығы да осында. Ол жан-жағына қасиетті, мерекедегідей хош иіс таратып тұратын позамық, көп мағыналы сөздерді әдейі қолданады. Мұндай асқақ сөз полотналарында шырыны тамшылаған, ап-айқын бедерленген, икемді, сезімтал ештеңе жоқ.
Гельдерлин ешқашан да сезімге жұғымды әсер ететін ауқымды, ашық сөздерді қолданбайды: ол салмақсыз, жоғары қарай ұшып тұрған, өлеңді алыс әлемнен экстаздың таулы, құдыретті әлеміне қарай алып кететін қалықтаған сөздерді қолданады. «Жан -рахаты», «ғарыштық», «қасиетті» деген эпитеттер – мен тіпті оларды жынысқа бөлуге келмейтін періште сөздер деп атар едім ешқандай да бояусыз, ақ полотно тәрізденіп, ақ желкен…, я, ырғақтың дауылына, шабыттың тынысына қаныққан ақ желкен тәрізденіп, өзінің сымдай тартылған матасын дөңгелектеп алып, алыстарға аттанады. Гельдерлиннің бар күші, барлық күші (бұдан бұрын да айтып кеткенімдей), оның шабытының шалқар күшіне келіп тоғысады: барлық заттарды, демек, соның ішінде сөздерді (сол басқа аяға көтеріп шығарады, сол жерде олар жаңа өзіндік салмаққа ие болады. Ол – азып-тозған, үні өшірілген, жан-жағы қысылған, өлең тек «жақсы сөздердің бұлты» сияқты ғана бола алатын біздің әлемімізден мүлдем басқа әлем.
«Құйылып тұрған» әндегі бос, бояудан арылған сөздер мұнда ;аяқ астынан жаңа түске еніп, эфирде ерекше салтанатпен жүзіп жүреді, оның құпия күркірі құпия мәнге ие болады. Олар маңызға емес, мән-мағынаға толы болады, олар жоғары сезімталдықты оятады: Гельдерлиннің жанға жағымды сиқыры осындай. Оның поэзиясы көрнекілікке ұмтылмайды, ол тек күнсәулеттілікке құмар, (ол сондықтан да пластикалық көлеңке түсіре алмайды); ол кескіндей отырып, көзге қандай да бір шынайы, қарапайым болып көрінгісі келмейді, ол көк жүзіне рухтың көзіне ғана көрінетін денесіз нәрсені көтеріп шыққысы келеді. Сондықтан да Гсльдерлин поэзиясы үшін ең бастысы – оның дауылдаған шабытының көкке шапшуы; оның барлық өлеңдері, бір кездері өзі трагедиялық ода туралы айтқанындай, «ұлы жалында, таза pyx иен таза жандүниенің шындығы шекараға бағынбай кеткен жерден» басталады. Оның гимндерінің бірінші жолы қашан да қып-қысқа болады, болмыстың прозасынан тебіне шығып, өз стихиясына еніп кету үшін поэтикалық сөзге қажет болатын үзік-үзік жүгіріс тән. Поэзиясының объективті-заттық мазмұнының ғана емес, оның тілінің де заттық қасиетін жоғалтады, оның тілі құнарлы емес, сезімге бай да емес, бояуы қанық та емес, ауқымды материя да емес, оның тілі мөлдір, жұп-жұмсақ бұлт сияқтанған субстанция. «Сөз дегеніміз — басы артық нәрсе», бұл сөзді ол Гиперионның аузына салады, ал Гельдерлиннің өзінің сөз байлығы соншалықты көңіл аударарлықтай емес: ол сөзді мол тасқынның ішінен екшеп алғанды қаламайды, таңдап-таңдап алған сөздің өзін сараң және есеппен ғана қолданады. Оның лирикасының сөз байлығы Шиллер поэзиясының тілінен он есе және халық тіліне еркін бойлап, базардың тілін де еркін қолданатын, сөйтіп оның ішкі заңдарын түсініп, бір жағынан өзінің тіл байлығыны шығармашылықпен байытатын Гетенің сөз байлығына жүздеген есе жұтаң шығар. Дегенмен Гельдерлин сөзінің қайнар көзі тап-таза, сүзгіден өткен, қандай да бір күшке салып, тырмысушылықтан аулақ, ал ең бастысы түрлі иірімдерге толы.
Сөз қолданысындағы мұндай өзін өзі шектеушілігін және бүкіл сезілетін әлемнің бәрінен бас тартуының қауіпті екендігін оның өзі де мойындайды. «Маған жетпейтіні – күштілік емес, маған жеңілдік жетіспейді, идеялар емес, иірімдер керек, негізгі реңк емес, реңктердің түрлі-түрлі топтамалары, жарық емес, көлеңке керек және осының бәрінің себебі біреу ғана: мен шынайы өмірдегі жабайылықтан және қарабайырлықтан қатты қорқамын». Ол жоқшылықты, жұтаңдықты қалайды, тілін тарылтылған шеңбер ішінен шығарғысы келмейді, ондағы мақсаты – қарбалас әлемнен бір тиын да алмау. Гельдерлин үшін лириканың тілі бейбіт сипат бергеннен гөрі, «сәнденіп, әшекейленіп жатпай-ақ, дыбыстың бір салтанатынан екіншісіне еркін өтіп, әрбір дыбыс үйлесімділікпен алмасып келіп, тұтастықты құраса» – сол маңыздырақ, өйткені, оның ойынша, поэзияға кәдімгі қара жер бетіндегі нәрсе ретінде қарауға болмайды: оны құдыретті нәрсе ретінде тек алдын ала сезінуге ғана болады. Бейқамдыққа ұрынып қалу қаупін ол таза поэзияның алдында күнә жасау қаупімен бірдей санайды: сөздің тазалығы ол үшін байлықтан қымбат.
Сондықтан да (шебер варияцияларда) «құдыретті», «көк тәңірдің күші», «қасиетті», «мәңгілік», «жан рахаты» деген сөздер шексіз қайталана береді; ол өзінің поэзиясына көнелігімен жарқыраған, рухани байытылған сөздерді ғана қолданып, ал уақыттың тынысымен келген, халықтың денесінің жылуымен жылытылған, қолдана-қолдана тозған және жыртылған сөздерді поэзияға жолатпайды. Үнемі ақ, сықиған киім киіп жүретін, өз ісіне әбден берілген адамдардай Гельдерлиннің өлеңдері де тілдің салтанатты, әшекейі жоқ киімдерін ғана киіп шығады, оның сәнқой, жеңілтек, құбылмалы ақындардан айырмашылығы да осында. Ол жан-жағына қасиетті, мерекедегідей хош иіс таратып тұратын позамық, көп мағыналы сөздерді әдейі қолданады. Мұндай асқақ сөз полотналарында шырыны тамшылаған, ап-айқын бедерленген, икемді, сезімтал ештеңе жоқ.
Гельдерлин ешқашан да сезімге жұғымды әсер ететін ауқымды, ашық сөздерді қолданбайды: ол салмақсыз, жоғары қарай ұшып тұрған, өлеңді алыс әлемнен экстаздың таулы, құдыретті әлеміне қарай алып кететін қалықтаған сөздерді қолданады. «Жан -рахаты», «ғарыштық», «қасиетті» деген эпитеттер – мен тіпті оларды жынысқа бөлуге келмейтін періште сөздер деп атар едім ешқандай да бояусыз, ақ полотно тәрізденіп, ақ желкен…, я, ырғақтың дауылына, шабыттың тынысына қаныққан ақ желкен тәрізденіп, өзінің сымдай тартылған матасын дөңгелектеп алып, алыстарға аттанады. Гельдерлиннің бар күші, барлық күші (бұдан бұрын да айтып кеткенімдей), оның шабытының шалқар күшіне келіп тоғысады: барлық заттарды, демек, соның ішінде сөздерді (сол басқа аяға көтеріп шығарады, сол жерде олар жаңа өзіндік салмаққа ие болады. Ол – азып-тозған, үні өшірілген, жан-жағы қысылған, өлең тек «жақсы сөздердің бұлты» сияқты ғана бола алатын біздің әлемімізден мүлдем басқа әлем.
«Құйылып тұрған» әндегі бос, бояудан арылған сөздер мұнда аяқ астынан жаңа түске еніп, эфирде ерекше салтанатпен жүзіп жүреді, оның құпия күркірі құпия мәнге ие болады. Олар маңызға емес, мән-мағынаға толы болады, олар жоғары сезімталдықты айтады: Гельдерлиннің жанға жағымды сиқыры осындай. Оның поэзиясы көрнекілікке ұмтылмайды, ол тек күнсәулеттілікке құмар, (ол сондықтан да пластикалық көлеңке түсіре алмайды); ол кескіндей отырып, көзге қандай да бір шынайы, қарапайым болып көрінгісі келмейді, ол көк жүзіне рухтың көзіне ғана көрінетін денесіз нәрсені көтеріп шыққысы келеді. Сондықтан да Гельдерлин поэзиясы үшін ең бастысы – оның дауылдаған шабытының көкке шапшуы; оның барлық өлеңдері, бір кездері өзі трагедиялық ода туралы айтқанындай, «ұлы жалында, таза pyx пен таза жандүниенің шындығы шекараға бағынбай кеткен жерден» басталады. Оның гимндерінің бірінші жолы қашан да қып-қысқа болады, болмыстың прозасынан тебіне шығып, өз стихиясына еніп кету үшін поэтикалық сөзге қажет болатын үзік-үзік жүгіріс тән.
Гетеде поэтикалық прозадан (бозбала шақтағы хаттардан ерекшелігі) өлеңге өтетін пышақпен кескендей өтпелілік жоқ, поэтикалық ойлардың екі формасының арасында цензура жоқ: ол қос мекенділер сияқты екі әлемде – прозада да, поэзияда да, денеде де, рухта да – өмір сүре береді. Керісінше, Гельдерлиннің тілі әңгіме-дүкенде қарабайыр, оның прозасы хаттарда да, мақалаларда да үнемі философиялық формулаларға сүрініп жатады. Оның өзі үшін табиғи болып саналатын ырғақты сөзінің құдыретті жеңілдігімен салыстырғанда әңгіме-дүкендегі мұндай тілі өте қолапайсыз: Бодлердің өлеңдеріндегі альбатрос сияқты, ол жер бетіндегі тіршілікте зорға келе жатады, ал көкке көтерілсе, рахаттана қалықтап, бұлттардың ішінде тыныштық табады. Гельдерлин жер бетінен қалай биікке көтеріледі, сол бойда шабыттың аясына жетіп барады, сол бойда отты дем сияқтанып, оның көмейінен ырғақ құйылып, қиын синтаксис талғаммен тіркестіріле тоқылады, ұшқын атқан инверсияның контрапункті көзді қарықтырар, сиқырлы жеңілдікке ие болады: мөлдір матадай, жәндіктердің кристальды қанаттарындай, «құйылып тұрған әндердің» қоңыраулана, жарқырап тұратын қанаттарындай олар эфирді және оның шексіз көгілдір мұнарын біздің көзімізден көлегейлеп тастамайды.
Басқа ақындарда шабыттың тұрақтылығы, дыбыстардың сыңғырлаған үнінің үздіксіздігі жиі бола бермейді, ал бүл Гельдерлин үшін табиғи нәрсе: «Эмпедоклда» да, «Гиперионда» да ырғақ ешқашан бұзылмайды, өлеңнің бір де бір жолы қара жердің бетінде жатпайды. Асқақ жырдың иесі сәл ғана кездескен прозаизмнен теріс бұрылып кетеді: өмірдің прозасымен салыстырғанда оның поэтикалық сөзі бөтен елдің сөзі сияқты естіледі, ол ешқашан да еңсесі төмен сөздерді асқақ сөздермен араластырмайды. Шабытты сәттерде лиризм мен энтузиазм оның болмысын толтырып, «көкке қарай құлаған» (бұл – оның өзінің көркем сөздері) көңілі оны тіршіліктің аумағынан алысқа шығандатып алып кетеді.
Тағдыр көп ұзамай оның шығармашылығының ақыл-ойдан қаншалықты күштірек екендігін керемет символдар арқылы көрсетіп берді, ал поэзияның тілі оған өмірдің тілінен гөрі жақындау болды: Гельдерлин ақыл-есінен адасып, кәдімгі сөз қолданыс, әңгіме-дүкен құру қабілетінен айырылады, бірақ ең соңғы сағаттарға дейін оның сөздерінің ырғағы сыңғыр үнмен құйылып, әл-дәрмені кете бастаған көмейінен жырдың жылт-жылт ойнаған сәулесі ұшқын атып тұрды.
Осы ұлылық, қандай да бір прозаизмге бағынбай тұратын еркіндігі, эфир аясындағы еркін ұшуы Гельдерлиннің о бастан бері келе жатқан әдеті емес еді; оның өлеңдерінің қуаты мен көркемдігі демон, яғни, оның жандүниесінің ежелгі билеушісінің оның саналы танымдығын бірте-бірте ығыстырып шығаруының деңгейіне қарай өсіп отырды. Гельдерлиннің ең алғашқы ақындық тәжірибесі соншалықты тартымды емес, ең бастысы, өзіне тән қасиеттен жұрдай еді: қайнап жатқан ішкі тасқынның бетін жауып тұрған қабық әлі жарылмаған еді. Енді бастап жүрген ақын еліктеумен ғана жүрді, көшіріп те алатын, мұнысы тіпті шектен шығып кететін: мысалы, ол Клопштоктан тек шумақтың формасын ғана емес, рухани иірімдерін ғана емес, оның одаларының тұтас жолдары мен шумақтарын ойланбастан сол күйінше көшіріп алып, өзінің одалары жазылған дәптерге жазып алатын. Алайда, көп ұзамай Тюбинген институты Шиллердің ықпалына түсіп, Гельдерлин мойынұсынған бұл ақын мұны өзінің рухани әлеміне, классикалық атмосферасына, өзінің шумақтарының зеңгір көгіне тартып әкетеді.
Енді оның одалары мақпал үнді, жан-жағы жұмыр, у-шуы да көп, сан әуенмен естілетін шиллерлік мифологиялық қаныққан образдардың гимндерінен нәр алып, қайта туды; бұл жердегі еліктеушілік түп нұсқаның тек әбден жетілуі ғана емес, үлгі болып отырған шығарманың ең шебер формасынан да асып түседі (мысалы, маған Гельдерлиннің «Табиғатқа» деп аталатын гимні Шиллердің ең көркем өлеңінен де көркем сияқты). Бірақ осы схематикалық шығармаларда Гельдерлиннің өзіне тән әуенді беретін элегиялық нота басым. Енді оған тек осы нотаны күшейту ғана қалды, ең жоғарғы, ең керемет әлемге қарай ұшуды ғана көздеуі керек, классицистикалық форманы лақтырып тастап, оны классикалық, еркін, жалаңаш, ұйқастырылған жолдарға сыймайтын формаға келтіру ғана қалды, ақыры, осылайша, Гельдерлиннің өлеңдері – «құйылып тұрған ән» – таза ырғақ өмірге келді.
Өзін өзі табуға деген ең алғашқы әрекеттерде оның ойластырылған барлық құрылымдары ап-анық, ұшатын машинаның қанаттарындай болып көрініп тұр: ол Шиллердің дұп-дұрыс жүйеге құрылған, тепе-тендікке келтірілген поэтикалық мәнеріне ұйқассыз өлеңнің, шумақтарға бөлшектелмеген ұшып жүрген өлеңнің ішкі ырғақтық-тұрақтылығын беруге талпынады, оның осы кезеңдегі өлеңдеріне зер салсақ, біз оның қозғалмайтын үшмүшелік схемасын көреміз (мұны талайлар байқады, бірақ Виетор ғана сенімді де нақты түрде көрсетіп берді), яғни, ұшу, төмендеу және ең соңында, қалықтау: олардың әрқайсысында тезистің, антитезистің және синтездің гармониялық үш әуенділігі естіліп тұрады. Оның ондаған өлеңдерінен осы схеманың «келу және қайту» үдерісін көруге болады, олар қашан да тек бір ғана гармониялық аяға ұмтылады: гельдерлиндік өлеңнің ғажайып қанат қағысы ап-айқын көрініп тұрған заттық элементтермен – механикалық құралдардың, техникалық құрылымдардың қалдықтарымен ауырлап тұр.
Бірақ ол осы жылан-қабық дәстүрліліктің, жүйенің ең соңғы қалдығын, шиллерлік құрылымдылықтың ең соңғыларының өзін өлеңдерінің өн бойынан лақтырып тастады. Ол қандай да бір заңның аясына сыймайтын кереметтілікті, лириканың басымдылықпен құйылып тұрған ырғағын тани алды, егер де Беттинаның деректері сенімсіздеу десек, Сенклердің әңгімесін жеткізіп тұрып, ол Гельдерлиннің: «Рух тек шабытпен ғана жете алады, рух кімнің бойында тірілсе, ырғақ соған ғана бағынады. Кім де кім құдыреттілік мағынасындағы поэзия үшін жаралған болса, аше те жоғарыдан келіп тұрған рухтың кәдімгі тіршіліктегі заңға бағынбайтынын мойындап: менің көңіл қалауым емес, сенің көңіл қалауың болады деп, өзі шығарған заңдарды құрбандыққа шалуы тиіс деген өз сөзін сол күйінше жеткізді. Гельдерлин осылайша тұңғыш рет ақыл-ойды, рационализмді кейінге ысырып, о бастағы негізгі табиғи күшке құлаш ұрды.
Демондық-экзальтирлік бастау заңдылықтардың бұғауын талқандап өтіп, жүрек түкпірінен айғай-шумен, ырғақпен жарып шықты. Осыдан кейін ғана «…барлығы да ырғақ: адам тағдыры – бұл ғарыштық ырғақ, қандай өнер шығармасы болмасын, ол -ырғақ» деп өзі айтқандай, оның болмысының тереңдігінен, поэтикалық тілінің қайнар көзінен естіліп тұратын әуен, тек өзіне ғана тән тереңдікпен, екпіндете бұрқырай көтерілген ырғақ бұлақтай атқылады. Лирикалық архитектониканың қандай да бір заңдылықтарының бәрі де ғайып болып, Гельдерлин өлеңдерінің өзіндік әуені орфикалық тұрғыдан сәулеленді, күллі неміс лирикасында ырғақ, Гельдерлин өлеңдеріндегідей, негізгі рөл атқарған, бояулары мен формалары мөлдір де салмақсыз бұлттардай әсер беретін өлең табыла қояр ма екен; Гельдерлин өлеңдері субстанциядан, материядан тыс жатыр, олар ендігі жерде қашалған, нықтап, қуып әкеліп орнатылған Шиллердің туындыларына мүлдем ұқсамайтын еді, оның өлеңдері құстар сияқты жеп-жеңіл, періштелердей қалықтаған, бұлттардай еркін бола бастады.
Олардың ешнәрсемен теңестіруге келмейтін сыңғырлаған стихиясы самғап, көз жетерлік аядан асып, шығып кетті. Гельдерлиннің әуені Китстің әуені сияқты, кейде Верленнің әуені сияқты біздің әлемімізден емес, ғарыштық кеңістіктен естіліп тұрады. Оның өзіндік ерекшелігі – тек алыстан сезілетіндігі, ал ғажаптығы – көзге көрінбей, төңірегіңде қалықтап жүргендей әсер беретіндігінде. Сондықтан да оның өлеңдерінен бөліп көрсетуге немесе басқа тілге аударуға болатындай негізгі ядроны және эластикалық элементтерді ұстау мүмкін емес, ал Шиллердің өлеңдерінің әр жолы және Гетенің өлеңдерінің де көпшілігі негізгі сипатын жоғалтпастан шет тіліне аударыла алады, Гельдерлиннің өлеңдерін басқа топыраққа апарып отырғызу мүмкін емес, өйткені неміс тіліндегі түпнұсқаның көркемдігі көзге көрінбейтін, құлақпен естуге де келмейтін асқақтыққа ие. Оның құпиясы – сиқырлылығында, оны көшіріп те ала алмайсың, ол күллі тіл патшалығында жалғыз өзі ғана қалады.
Гельдерлиннің ырғағында тұрақтылық жоқ, бұл жағынан алғанда ол, мысалы, Уот Уитменнің ырғағына ұқсамайды (дегенмен де, олардың еркін тасқындап жататын дауылды поэтикалық құйылымға деген ұмтылыстарында ұқсастық бар). Уот Уитмен өз жолын, өзінің поэтикалық тілін бірден тапты: содан бері соңғы он, жиырма, отыз,қырық жыл бойы оның күллі шығармашылығына осы бір ғана ырғақтық тыныс тән. Ал Гельдерлинде сөз ырғағы үнемі өзгеріп отырады, нығаяды, кеңейеді, оның сырғымалылығы, шулылығы, қолға ұстатпайтындығы, дауылдылығы, стихиялылығы, қаһарлылығы арта түседі. Ол бұлақтың қайнар көзі сияқты нәзік, сылдыр үнді, бұлыңғыр әуенмен басталып, көбік шаша дауылдаған, ғаламат сарқырама болып аяқталады. Ырғақтың өзіне өзінің ғана билігі жүретін, самғау мен қопарылуға дейін алып келетін осындай тирандық күші ақыл-ойды бұлыңғырландыра түсіп, өзін өзі бұзуға жеткізетін (Ницщедегі сияқты) көңіл күймен қол ұстасып бірге жүреді. Ақынның психикасында логикалық байланыстар әлсірей бастаған шақта ырғақ еркіндік алып кетеді де, ақыр аяғында ақын өзінің ішкі әлемінде көтерілген дауылды ұстап тұра алмай қалатын жағдайға жетеді: ол дауыл ақынды қаңбақтай лақтырып, енді ақын өз өлеңінің тасқындаған суының бетінде өлік секілді қалқып жүреді.
Гельдерлин өлеңдерінде ырғақ еркін желіске салып келе жатады да, бірте-бірте өзін ұстап қалып тұрған барлық бұғауды лақтырып тастап, ішкі байланыс пен реттіліктің ықпалымен біртұтас тиранға айналады: ол ырғақтың әуенді қабығын алып тастап, сосын шумақтардың терең тыныс алуына тым тарлық етіп тұрған киімдерін жыртып-жыртып лақтырып, антикалық ескерткіштердей тыр жалаңаш қалған өлеңдерінің құлын мүсінінің көркемдігін аше те, қашықтыққа жүгіретін Эллин жүйріктеріндей шексіздіктерге қарай заулай жөнеледі. Оның шабытына бірте-бірте күллі өлшемдік формалардың барлығы да тарлық етіп, қандай да бір тереңдіктердің өзі тым ұсақ болып көрініп, қандай сөз де бұлыңғыр тартып, қандай ырғақ та ауырлап, лирикалық құрылымның тастан қаланған замок қалпына жеткізілген ежелден келе жатқан классикалық өлшемдері құлап, ой-қиял жекелеген образдардың аясынан шығып, найзағайлы бұлттардай қоюланып, қаһарланып, ырғақтық тыныс кеңейе түсіп, қуатты да батыл инверсиялар бір сөйлемге бірнеше шумақты сыйғызады да, өлең әнге, гимндік сазға, пайғамбарлық көрегенділікке, ерлікке шақырған манифестке айналады. Осы сәттен бастап Гельдерлин күллі әлемді мифке, күллі мәнді поэзияға айналдырады. Еуропа, Азия және оның «Germaniacbi» – түсінде пайда болған рухтың аясы – бұлт сияқты көз жетпес қашықтықтардан шұғыла шашып тұрады, табан асты айтылатын үйлесімділіктердің керемет магиясы алысты да, жақынды да, шынайы көріністі де, арман-қиялды да бір-ақ сәтте көз алдыңызға алып келеді. Бәрінен өзін азат қылған ақын Новалистің «Ғалам — түс сияқты, ал түс – ғалам сияқты» деген сөздері енді Гельдерлин үшін де жүзеге асқандай. Ақын жеке тұлға ретіндегі аядан шықты.
«Махаббат жырлары шаршау күйге түскен, ал асқақ та тап-таза қуанышқа толы отан туралы жырлардың жөні басқа» деп жазды ол сол кезеңдерде; арнадан асып-тасқан сезімнің қуатымен жаңа пафос осылайша жанартаудай атқылай жөнелді. Енді мистикалық аяға өту кезеңі басталды; уақыт пен кеңістік мап-мақ бұлыңғырлыққа батып кетіп, ақыл-ой шабыттың құрбандығы болды, енді өлең жоқ, найзағайлармен тілгіленген және будақтан буға тұмшаланған «ақындық тағзым» ғана қалды: алғашқы жылдардағы бозбалалық таңданыс пен шабыт енді демондық мастыққа, қасиетті шабытқа ауысты.
Көлемді өлеңдерінде оның жолсыздықта адасқандығы білініп қалып тұрады: шексіз теңіздің бетінде бағыт-бағдарға бұратын рульсіз қалып, ол тек стихия мен басқа әлем әуенінің айтқанына бағынып кетеді және олардың әрқайсысы – бір табалдырықтан екінші табалдырыққа дейін ағынның ығында ән салып, ескексіз заулап келе жатқан бір-бір «мас корабль». Ақыр аяғында Гельдерлиннің ырғақтары қысымға шыдамай, қақ бөлініп, тіл қоюланып, сезімге сезім кимелеп, ақыр аяғында мағынасын жоғалтып, «құдыретті Додона тоғайының» дыбысындай естіледі, ырғақ мағынаны өзіне қызмет еткізіп, енді ол «жүзім құдайындай құдыретті де, ессіз де, қандай да бір заңдылықтарға да бағынбайтын» күйге түседі. Ақын да, оның шығармасы да әбден қанығып, қуаттың шексіздікке құйылуының ішінде ери бастайды.
Гельдерлиннің ой-тұжырымы өлеңнің өн бойына таралып, буға айналып жоқ болады да, өз кезегінде өлеңнің мағынасы да хаотикалық күңгірттіктің ішіне барып сөнеді. Жер бетіне тәннің бәрі, жекелікке, тұр-тұлғаға иенің бәрі оның өлеңдерінің өзін өзі жою үдерісінің ішіне жұтылып, оның ең соңғы сөзі бірге туған бауырындай болып кеткен эфирде орфикалық әуеннің ішінде, жүзеге аспас қиялдың ішінде шашылып қалады.
Аударған Оңайгүл Тұржан