ЖАҢАЛЫҚТАР
Qalamger.kz порталы үздіктер қатарында

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды presidentfoundation.kz сайты.

 

Байқау қорытындысы бойынша:  

 

«Өткір тіл» номинациясында Qalamger.kz;

«Рухани азық» номинациясында madeniportal.kz; 

«Терең ізденіс» номинациясында dasturkb.kz;

«Шынайы өмір» номинациясында arasha.kz;  

«Спорт тынысы» номинациясында qsport.kz; 

«Білім бұлағы» номинациясында ozattar.kz;

«Жастар әлемі» номинациясында balbal.kz;

«Балаларға базарлық» номинациясында imektep.kz; 

«Ойын-сауық» номинациясында kinostan.kz сайты  үздік деп танылды. 

 

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, сонымен қатар қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Qalamger.kz әдеби-танымдық порталы наурыз айының 17-сі күні жұмысын бастаған болатын. Бүгінде қаламгерлердің шығармашылығын насихаттай отырып, танымдық әрі медиа бағытта өз жұмысын жүргізіп келеді. Сонымен қатар, Қазақстанда алғашқылардың бірі болып авторлардан шығармаларының коммерциялық құқығын сатып алып, кітап шығару ісін қолға алып отыр.  Qalamger.kz баспасының алғашқы өнімі – Мәскеуде тұрып жатқан қазақ жазушысы Аягүл Мантайдың «Жүрекке оралу» атты кітабы еді. 1Жуырда белгілі аудармашы Шынар Әбілданың «Өзгеріс ойдан басталады» атты кітабын сатылымға шығарды.

 

Сайттың негізгі бетінде әдебиеттен өзге Q-Tube, Q-FM, Q-baspa бөлімдері бар.

 

Qalamger.kz сайтының медиа-жобалары:

 

Alģashqy... ақын-жазушылар qalamger.kz сайтының «алғашқы...» деп баталатын әртүрлі сұрақтарына жауап береді;

Bir Óleń...- жас ақындар өздерінің бір өлеңінің жазылу тарихын баяндап береді. Өлеңнің желісі бойынша бейнеклип түсіріледі;

KITAP&TULǴA-қоғамдағы әр салада жетістікке жеткен тұлғалардың кітап туралы ойларымен бөліседі;

 

Q-FM-аудиоподкаст (аудиокітаптар, аудиосұхбаттар)

 

Алдағы уақытта да оқырман қауымға өзге де сапалы контенттер ұсынуды жоспарлауда.