ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕТЕЛДІК 3 КОНКУРС

Қаламгер қауымға жуырда өтетін қомақты жүлделері бар шетелдік 3 конкурс туралы мәліметтерді ұсынып отырмыз. Әр конкурстың сайтынан жұмысыңыздың көлемі қанша болудан бастап, қай адреске өткізу керектігіңізге дейін анықтап білуге болады. 

 

МногоОбразие

Ресейде ұйымдастырылған байқау. 18-35 жас аралығындағы барлық адамдар қатыса алады. «Капля в море» тақырыбында жазылған эссе, әңгіме, ертегі, новелла қабылданады.

Бас жүлде: жеңімпаздар «Лауреат конкурса» дипломымен марапатталады және шығармасы кітапқа енеді.

Жазу тілі: орыс тілі

Дедлайн: 15-мамыр

 

 “What is Life?” атты халықаралық эссе байқауы

Ұйымдастырушы жапондық Goi Peace қоры. Байқауға өмір жайлы жазылған 700 сөзден аспайтын эсселер қабылданады. Бұған 25 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

 Жазу тілі: ағылшын, француз, жапон

Бас жүлде: 100000 иен

Дедлайн: 15 маусым

 

Open Eurasia - 2021

Бұл конкурс жыл сайын өткізіледі. Британиядағы Hertfordshire Press баспасы ұйымдастырады. Бұған жас ерекшелігіне қарамай барлық адамдар қатыса алады. Байқауға проза, поэзия, публицистика, иллюстрация, әдеби сын жанрындағы шығармалар қабылданады.

Жазу тілі: ағылшын

Бас жүлде: 20000$

Дедлайн: 5 - қыркүйек