«ТОЛҚЫН-ТОЛҚЫН ЖЫР ТУАР БІЗДЕН КЕЙІН» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫР МҮШАЙРАСЫ ӨТЕДІ
Көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Арман Бақтанұлы Қани атындағы
«ТОЛҚЫН-ТОЛҚЫН ЖЫР ТУАР БІЗДЕН КЕЙІН» атты Республикалық жыр мүшайрасының
ЕРЕЖЕСІ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар облысының әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Арман Қанидың құрметіне арналған «Толқын-толқын жыр туар бізден кейін» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді.
Мақсаты:
Қазақ руханиятының көрнекті өкілі, күрескер ақын Арман Қанидың шығармашылығын насихаттау, қаламгердің есімін мәңгілендіру жолындағы рухани жұмыстарды жалғастыру, жас таланттардың шығармашылығын қолдау. Павлодар облысынан шыққан тұлғалар мен өңір тарихына қатысты тақырыптарды зерделеу.
Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары
Жыр додасына ақындар үш туындысын жібереді:
1) Арман Қанидың жарқын бейнесі мен бірегей болмысын жырға қосады;
2) «Әдеби өлкетану» бағыты бойынша Ертіс-Баян өңірінен шыққан тұлғалар мен Павлодар облысының тарихына қатысты тақырыптарды шығармашылық нысанға айналдыру;
3) Еркін тақырыптағы өлең.
Мүшәйраның іріктеу кезеңі жабық дауыс беру түрінде өтеді.
Pavlodarlibrary@yandex.kz эл. поштасына келіп түскен шығармалар С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалы және «Шаңырақ» ОХШжМСҚО әлеуметтік парақшаларында жарияланып отырады.
Мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;
Мүшәйраға өлеңдер 2023 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласында өткізіледі.
Жыр байқауына белгілі қаламгерлер қазылық етеді;
 
Мүшәйра жүлделері:
Бас жүлде – қаржылай сыйлық
І орын – қаржылай сыйлық
ІІ орын (екеу) – қаржылай сыйлық
ІІІ орын (екеу) – қаржылай сыйлық
Аманжол Шәмкенов атындағы Арнайы жүлде – қаржылай сыйлық
Мұзафар Әлімбаев атындағы Арнайы жүлде – қаржылай сыйлық
 
Мүшәйраға қатысушылардың жол шығыны мен жатар орны қатысушы тараптың есебінен төленеді.
Байланыс телефоны: 8 (718 2) 32-40-18
Почта: pavlodarlibrary@yandex.kz