Көпен Әмірбек
Көпен Әмірбек


Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарасты Ешкіқора елдімекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Отырардағы халық театрында еңбек жолын бастаған.

ӘлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 1973 жылы бітіріп, Қиыр шығыста екі жылдық әскерипартия мектебінде оқыған.

1978 жылы Мәскеуде, 1980 жылы Ташкентте өткен бүкілодақтық жас сықақшылар фестиваліне қатысып, «Правда» баспасынан шыққан «Надейся и жди», «Крохотные звезды» атты орыс тіліндегі ұжымдық жинақта әзілсықақтары жарияланды.

Саясисатиралық «АраШмель» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Бас редактор, ғылымитехникалық «Білім және еңбек» журналында жауапты хатшы, «Қазақ әдебиеті» газетінде сатира және юмор бөлімінің меңгерушісі, «Егемен Қазақстан» газетінде фельетон бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Жоғарғы сотында баспасөз хатшысы, Қазақ радиосында Бас редактор боп қызмет істеді. Қазір саясиқоғамдық сатиралық «Ара» Kz журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесінің төрағасы.

Көпен ӘмірБек «Қымызхана», «Тамаша» ойынсауық отауының белсенді авторы ретінде, сондайақ өзі құрған «Көпен келе жатыр!...» атты сатиралық театрымен көрерменге кеңінен танылды. Орыс әдебиетінің классиктері И.Крылов, С.Михалков, С.Маршактың мысалмысқылдары мен лезгин сатиригі Жамидиннің және өзбек әзілкеші Абдулла Қаһардың бірсыпыра сықақ өлеңдерін қазақ тіліне аударды. «Аты жоқ кітап», «Алып», «Тілім қышып барады», «Қысыр әңгіме», «Мың бір мысал», «Ауызбастырық», «Өзіңді танисың ба?», «Көпен келе жатыр!...», «Із», «Көкемнің көзі», «Па, шіркін, пародия!...» атты әзілсықақ, сын мақалалар кітабының авторы.





TOP-АВТОР