Хамза Жүсіпбеков
Хамза Жүсіпбеков

Жүсіпбеков Хамза (1900–1938) - Қарағанды облысы, Нұра ауданында туған.

1971 жылдан бастап Ақмола қаласындағы «Жас қазақ» демократиялық жастар ұйымы мен Омбы қаласындағы қазақ оқушылары демократиялық одағының қызметіне белсене қатысқан, РК (б) П Омбы губбюросының нұсқаушысы, РК (б) П Ақмола губкомының бөлім меңгерушісі болып істеген.

1925 жылдан Қазақ өлкелік партия комитеті алқасының жауапты хатшысы болған. БК (б) П Орталық Комитеті жанындағы марксизмленинизм курстарын бітіргеннен кейін, Қазақ өлкелік партия комитетінің хатшысы, Қазақ кәсіподақ кеңесінің төрағасы, халық шаруашылығы мен юстиция халық комиссары, Қазақ көркем әдебиет баспасының директоры қызметтерін атқарған. Қазақ өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, БК (б) П XVІІ съезінің делегаты болып сайланған.

«Маркстіклениндік сын туын жоғары ұстайық», «Әдебиет майданының міндеттері», «Әдебиеттегі байманап идеологиясына қарсы», «Пролетарлық сынды күшейте түсу қажет», «Сәкен Сейфуллин – қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушы» деген сын мақалалары басылған. Ол беллетрист ретінде де көрінді. «Қарсақпай» кітабының авторы (1928) және басқа да бірқатар әңгімелер жазған. Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романын қазақ тіліне аударған.


TOP-АВТОР