Мұхтар Кәрібай
Мұхтар Кәрібай

Мұхтар Ахатұлы Кәрібай 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында дүниеге келген. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетін бітірген. 2000 жылы ҚР СІМ жанындағы Дипломатиялық академияны аяқтады. ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде 1992 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы кезең ішінде Қазақстанның Орталық аппаратында және Қырғыз Республикасындағы, Әзербайжандағы, сондай-ақ Өзбекстандағы елшіліктерінде дипломатиялық жауапты қызметтерде болды.

Былтыр маусымда Қазақ георграфиялық қауымдастығының қолдауымен Бірлестік Кеңесінің мүшесі, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің Басқармасы басшысы Мұхтар Ахатұлы Кәрібайдың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай қалам тербеген «Дүбірлі дүние» атты кітабы жарық көрді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінде Кеңесші-уәкіл қызметін атқарып жүр. 

TOP-АВТОР