Нұртөре Жүсіп
Нұртөре Жүсіп

Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы 1961 жылы 29 сәуірде ҚызылОрда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған. Қазақ. Әкесі - Жүсіпов Байтілес (1921-1985). Анасы - Байділдәқызы Рабиға (1925 жылы туған), зейнеткер, батыр ана, күріш есіруші болған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1984), журналист. ҚР Журналистер академиясының академигі (1999 жылдан). «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақтың қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006) публицистикалық жинақтың; 500-ге жуық мақалалардың авторы. Қазақ, орыс және араб (сөздікпен) тілдерін біледі.

1984 жылдан - «Қызыл ту» (қазір «Сарыарқа самалы») Павлодар облыстық газетінің тілшісі, аға тілшісі, көлік және қатынас бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1990 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1996 жылдан - «Жас Алаш» газетінің бас редакторы. 2002 жылдан - «Ақ жол, Қазақстан» газетінің бас редак- торы. 2005 жылдан - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ бас директоры. 2007 жылдан - «Астана хабары» газетінің бас редакторы. 2008 жылдан бері - «Айқын» газетінің бас редакторы «Құрмет» орденімен (2009); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2000) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының Б. Бұлқышев атындағы сыйлығының (1995), БАҚ саласындағы Президенттік сыйлықтың (1998), «Алтын Адам» сыйлығының (2000) лауреаты.

Әскери атағы - аға лейтенант. Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Шыңғысхан, Н. Ә. Назарбаев, М. Мұхаммед. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жарқын». Хоббиі - кітап оқу, атпен және жаяу серуендеу. Сүйіп оқитын әдебиеті - кітаптар. Үйленген. Жұбайы - Сейітова Назым, оқытушы. Ұлы - Жүсіпов Ерлан (1985 жылы туған); қыздары - Нұртөреқызы Ақзия (1999 жылы туған), Нұртереқызы Нұрзия (1999 жылы туған).

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/844

TOP-АВТОР