Әбді Шынбатыров
Әбді Шынбатыров

Әбді Шынбатыров 1942 жылы 15 тамызда Жамбыл облысы, Талас (Сарысу) ауданы «Түгіскен» кеңшарында туған.

1969 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіргеннен кейін, республикалық «Қайнар» баспасында редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет істеген.

1976 жылы Партия тарихы институтының аға ғылыми редакторы болып қызмет атқарған.

1978 жылдан «Мектеп» баспасында аға редактор, 1980–1992 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, кейін «Ана тілі» баспасында жетекші редактор, Мемлекеттік қаржы бақылау комитетінде бас маман, республикалық «Ара – Шмель» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жеті жарғы» баспасында қолжазбаларды өндіріске дайындау департаменті директорының орынбасары болды.

Алғашқы шығармалары 1960 жылдан жариялана бастады. «Қуаныш» атты тұңғыш жинағы 1976 жылы шықты. «Класс сағаты», «Көңілді балалар» қырғыз тілінде, «Қуаныш» орыс тілінде, «Звездная ночь» деп аталатын пьесалары шықты.

Төл туындылар жазумен бірге, орыс жазушысы В.Чивилихиннің «Күміс рельстер», әзербайжан жазушылары М.Ибрагимбековтің «Айтар әнім», Ә.Қасымовтың «Сөкпеңдер мені» атты кітаптарын қазақшаға аударған. Кейін шығармалары қырғыз, өзбек, орыс тілдеріне аударылған.

Шығармалары: Қуаныш. Әңгімелер. А., «Жалын», 1976; Дәстүр жалғасы. Зерттеу еңбек. А., «Білім», 1977; Класс сағаты. Повесть және әңгіме. А., «Жалын», 1980; Көңілді балалар. Әңгімелер. А., «Рауан», 1992.
TOP-АВТОР