Юрий Рожицын
Юрий Рожицын

Юрий Рожицын (1925–2006)

 4 қаңтарда Красноярск қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1965 жылы Краснояр Жоғары партия мектебін бітірген. 

Краснояр өлкесінде партия, комсомол комитеттерінде жауапты жұмыстар атқарған. «Рудный Алтай» газетінде, «Здравохранение Казахстана», «Простор» журналында жұмыс жасаған.

«Две повести», «Ранний листопад», «Прощеный день», т.б. кітаптардың авторы. Көптеген ұжымдық жинақтарда прозалық шығармалары жарияланған.
 Қызыл Жұлдыз орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.


 

TOP-АВТОР