Юрий Плашевский (1920–1995) 2 ақпанда Солтүстік Кавказда, Майкоп қаласында туған. 1938–1941 жж. Герцен атындағы Ленинград педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетінде оқыған. 1941 жылғы қыркүйек айынан Ұлы Отан соғысының аяғына дейін майданда болды. 1945–
1948 жж. ол аяқтамай кеткен жоғары оқу орнын Мәскеуде Ленин атындағы педагогикалық институтта бітіреді. 1949 жылдан зейнетке шыққанға дейін Алматыда жұмыс істеді. Қазақ Достық қоғамында мәдениет бөлімінің меңгерушісі, «Қазақстан» баспасы бас редакторының орынбасары, «Простор» журналының қызметкері, «Ара» – «Шмель» журналы бас редакторының орынбасары, «Кітап жаршысы»–»Друг читателя» газетінің жауапты хатшысы болды.
Бірқатар повестер мен әңгімелердің авторы. Қазақ және неміс тілінен орыс тіліне аударма жасаумен айналысты. С.Адамбековтің «Потерянное золото или невеста под огнем» (1977–1979), М.Сқақбаевтың «На дальнем зимовье» (1982), Д.Досжановтың «Да свершится мое желание» (1983), Т.Тобағабыловтың «Еще одна осень» (1980), Э.М.Ремарктың «Ночь в Лиссабоне» (1978) атты повестері мен әңгімелерін аударды.
ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік қызметі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», т.б. медальдармен марапатталған.
Шығармалары: Убийство на ручье Дубовик. Повесть. А., «Жазушы», 1965; Кипчакская стезя. Повесть. А., «Жазушы», 1970; Марина. Повесть, рассказы. А., «Жазушы», 1979; Алая завязь. Повесть и рассказы. А., «Жалын», 1982; Я вернусь к тебе завтра. Повесть, рассказы. А., «Жазушы», 1983.