Эрих Мария Ремарк
Эрих Мария Ремарк

Эрих Мария Ремарк (Remarque, Remark) (22.6. 1898, Оснабрюк, Германия — 25.9.1970, Локарно, Швейцария) — неміс жазушысы. Гимназияда оқып жүргенде әскер қатарына шақырылып (1915), батыс майданында екі жыл соғысқан. Соғыстан кейін мұғалім, құлпытас сатушы, жарнама қызметшісі, спортшолушы, журналист, “Sport іm Bіld” (“Суретті спорт”) журналының редакторы болды. Шығарм. жолын “Батыс майданда өзгеріс жоқ” (1929) романынан бастады. Роман Боймер, Мюллер, Кропп, Леер, Кеммерих секілді соғыс құрбандарының жан тебірентерлік сезімдерін бейнеледі. Ресми хабар ақпараты “батыс майданда еш өзгеріс жоқ” деп жариялап жатқанда, 19 жасар бас кейіпкер оққа ұшады. Бұл қаза ақылға қонымсыз соғыс сұмдығынан, рухани дағдарыс қаупінен құтылу амалынан туындаған шара еді. Одан кейін жарық көрген трилогиясы (“Іайтқанда”, 1931; “Үш жолдас”, 1938; “Қара ескерткіш”, 1956), “Жақыныңды жарылқа” (1940), “Салтанат қақпасы” (1946), “Лиссабон түні” (1962), “Жұмақтағы көлеңкелер” (1971), т.б. шығармалары уақыт пен кеңістік тұрғысынан біртұтас, мазмұн мен пішін үйлесімдігі айқын туындылар ретінде бағаланды. Соғыс өрті жанын жегідей жеген азалы жетім көңілдердің трагед. жайын шынайы суреттеген Ремарк шығармаларын оқуға тыйым салынып, турашылдығымен танылған жазушы қуғынға ұшырады. Билік өкілдері Ремарктың алғашқы екі кітабын көпшілік алдында өртеді (1933). 1932 ж. Швейцарияда тұрақтағанымен, 1939 — 42 ж. Америкаға, 1954 ж. Еуропаға кетуге мәжбүр болды. “Өмір ұшқыны” (1952), “Өмір мен өлім мерзімі” (1954), “Өмір парызы” (1959) атты шығармаларында соғыстың ауыр азабы, табиғатқа, адамзатқа тигізген залал-зардаптары шынайы суреттелді.
TOP-АВТОР