Шамшиден Әбдіраман - 1937 жылы 19 қазанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы Амангелді кеңшарында дүниеге келген.
1960 жылы Қазақтың кенметаллургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
1960 жылдың қарсаңында «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналына жазуға икемі бар техникалық маман ретінде жұмысқа шақырылған, оған ғылым және техника бөлімінің жауапкершілігі жүктеледі.
1963 жылы ғылымикөпшілік жанрдағы тұңғыш кітабы «Елгезек электр» жарық көрді және «Көрінбес қорған» атты тұңғыш фантастикалық әңгімесі жарияланды.
1964–1972 жж. Жезқазған кенішінде инженер, Алжир мемлекетінде кеніштің бас инженері қызметін атқарды.
1973 жылдан бері өзі ұшқан білім ордасында ұстаздық етеді. Педагогика ғылымының докторы, техника ғылымының кандидаты, профессор. Машани танушы.
«ӘлМисақ», «Ақиқат формуласы» ғылымифантастикалық романдары, «ӘлФараби көпірі» атты кітаптары жарық көрген. «Жер асты кен қазу технологиясы» («Білім», 2001), «Кен қазу технологиясының негіздері» («Фолиант», 2003) сияқты оқулықтары бар.