Шаим Шаваев
Шаим Шаваев

Шаим Шаваев 1938 жылы 27 сәуірде Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Диірмен ауылында туған.
1965 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген. Алғаш республикалық мемлекеттік ұйғыр театрында актер, кейін режиссер болып істеген.
1975 жылы Алматы өнер институтының режиссерлер даярлайтын бөлімін тамамдаған.
1978–1982 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып, ұйғыр әдебиеті секциясын басқарған.
1983–1990 жж. Қазақ театр қоғамында аға кеңесші, «Қазақфильм» киностудиясында аға редактор болып қызмет істеді.
1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, ұйғыр әдебиеті кеңесінің төрағасы болып жұмыс істейді.
1977 жылы «Кестелі тақия» атты повестер мен әңгімелер жинағы Мәскеудегі «Советский писатель» баспасынан шықты.
Республикалық ұйғыр театры сахнасында «Сенің қара көздерің» атты музыкалық драмасы (1976), «Ағам үйленеді» атты комедиясы (1978), «Билал Назим» драмасы (1981), «Күнәсізге бес айып» драмасы (1990) қойылды.
М.Әуезовтің «Қилы заман» романын, «Айман–Шолпан» драмасын, С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романын, Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегін», Ш.Айтматовтың «Ақ кемесін», Шекспир, Мольер, М.Горький, Шолохов, Шукшин, Р.Ибрагимбеков, С.Шәймерденов, Қ.Тұрсынқұлов, Иран-Ғайып, т.б. шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалаған. Ұйғыр мектебінің 3,5,6-сыныптары үшін «Музыка» дәрістемесін және оны оқыту әдістемесін жазған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен және Қазақ КСР Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Шығармалары: Қол қоймаған хаттар. Повесть, А., «Жазушы», 1970; Анар гүл. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1975; Келіңдер, ән айтамыз. Ән текстері. А., «Жазушы», 1978; Цветная тюбитейка. Повесть и рассказы. М., «Советский писатель», 1977; Жоғалған қалам. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1983; Цветы граната. Повести и рассказы. А., «Жалын», 1985; Іздеймін сені. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1987; Мырзағұл. Деректі қисса. А., «ҚазАқпарат», 2000; Біләл Назым. Роман, А., «Жазушы», 2001.
TOP-АВТОР