Уильям Фолкнер
Уильям Фолкнер

Уильям Фолкнер (1897-1962) ХХ ғасырдың аса көрнекті жазушыларының бірі. АҚШ-тың түстігінде туып өскен, өмірінің көп уақытын сонда өткізген, сонда дүниеден озған. Ондаған романдардың авторы Уильям Америкадағы құл иеленушіліктің құлдырауын, бірақ оның адам санасында қалдырған іздерін суреттеуде ерекше қалам қарымын танытады. Сондай-ақ американ үлгісіндегі буржуазиялық өркениеттің шынайы кейпін ашуда да оған тең келер суреткер табу қиын. Ол 1949 жылы Нобель сыйлығын алардағы сөзінде: «Адамның ақыры дегенге мен сенбеймін. Ажалдың келгенін әйгілеген тағдыр сағаты соңғы рет соғып, оның жаңғырығы мәңгі жоқтың қиыр шетіне барып тұншыққан сәттің өзінде, адамның әлсіз, бірақ үзіліп бітпейтін дауысы естілмек, ол сөйлей беретін болады. Мен адамның шыдап қана қоймай, жеңіп шығарына да кәміл сенемін» деген екен.


TOP-АВТОР