Толымбек Әбдірайым
Толымбек Әбдірайым

Толымбек Әбдірайым 1955 жылы 12 қыркүйекте Семей облысының Аякөз қаласында туған. 1972 жылы №2 қазақ орта мектебін (қазір Дулат Бабатайұлы атындағы) бітірген соң, Аякөз автомобиль жөндеу зауытында, Б.Майлин ауылдық кеңесінде, Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, Талғар аудандық «Алатау жұлдызы», Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, Көкшетау телерадио комитеттерінде еңбек еткен. «Қазақ әдебиеті» газетінің Астанадағы меншікті тілшісі болып қызмет істеген. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 2006 жылдан бастап ҚР Мәденит және ақпарат министрлігіне қарасты «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Астанадағы өкілетті өкілі.

Алғашқы әңгімелері мен очерктері 1970 жылдан бастап газетжурналдарда жарияланып келеді. 1988 жылы «Елегізу» атты әңгімесі «Арман қанатында» жинағына енген.

Бірнеше Құрмет грамотасымен, Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталған.

Шығармалары: Еркешора. Әңгімелер, ертегілер, повесть. «Балауса», 1996; Мақтаншақ сары сағат. Ертегілер. «Фолиант», 2001; Ине мен жіп. Ертегілер «Фолиант», 2001; Әуелеп ұшқан тырналар. Әңгімелер және повесть. А., «Балауса», 2002; Дария шабыт. Деректі әңгімелер. «Елорда», 2003; Аю құлақ. Әңгімелер, ертегілер және повесть. А., «Арда», 2006; Меңді қыз. Әңгімелер мен драмалық хикаят. А., «РИИЦ АЗИЯ», 2006; Жалқаулыққа кім үйір? Ертегілер мен әңгімелер. А., «Баур», 2008.


TOP-АВТОР