Танаш Дәуренбеков (1927–2000) - 20 маусымда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында туған.
1943–1944 жж. Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты «Октябрь» бастауыш мектебінің меңгерушісі, 1944–1945 жж. сол ауданның «Ортақшыл» орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған. Қызылорда пединститутының қазақ тілі және әдебиет факультетін 1949 жылы бітірген. Содан кейін он екі жылдай туған облысында халық ағарту қызметінде болады.
Алпысыншы жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасының редакторы міндеттерін атқарады. Бірқыдыру уақыт «Білім және еңбек» журналының фантастикапублицистика бөлімін басқарады.
Шығармалары: Бір түйенің әлегі. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1963; Сыр балалары. Повесть. А., «Жазушы», 1964; Он бес жыл өткен соң. Повесть. А., «Жазушы», 1965; Өкіл әке. Повесть. А., «Жазушы», 1996; Көшпелі емхана. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1966; Ежелгі достар – құмырсқа мен құстар. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1969; Біз әлі кездесеміз. Роман. А., «Жазушы», 1971; Кездескен деген осы. Роман. А., «Жазушы», 1974; Сүмбіле. Повестер. А., «Жалын», 1977; Таң атып келеді. Роман; Ливень. Роман. А., «Жалын», 1982; Күміс қырау. Повестер. А., «Жазушы», 1988.