Таласбек Әсемқұлов
Таласбек Әсемқұлов

Таласбек Әсемқұлов - Жазушы, кинодраматург, күйші.

1955 жылы 1 тамызда Семей облысы Аякөз ауданы «Ақтоғай» теміржол стансасында дүниеге келген. 1976-80 ж.ж. – Алматы қаласы, Абай атындағы педагогикаинституты филология факультетінің қазақша бөлімінде оқыған. 1980-83 ж.ж. – Ықылас Дүкенұлы ат. Ұлт аспаптар музейінің ғылыми қызметкері. 1984-87 ж.ж. – Республикалық «Жазушы» баспасында әдеби редактор. 1987-98 ж.ж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы фольклор кабинетінің меңгерушісі. 1998-2006 ж.ж. – Республикалық «Жұлдыз» әдебі журналы сын бөлімінің меңгерушісі. Проза, сценарий жазу өнерімен пединститутта оқып жүрген студент кезінен айналысқан. Республикалық баспасөзде «Атайы», «Кәрі ат», «Арылу» сияқты әңгімелері, «Шымдан» повесі және музыканттардың өміріне арналған «Талтүс» романы жарық көрген. «Көкбалақтың өлімі», «Біржан Сал», «Жезтырнақ», «Алматы – Астана», «Тұмар падиша» сынды киносценарийлердің авторы. Сондай-ақ республикалық баспасөзде қазақ және орыс тілінде түрлі әдебиет, мәдениеттану тақырыптарына арналған бірқатар мақалалары жарық көрген. 1973 жылы «Бәйжігіт күйлері» деген жеке гранд-дискі Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасынан шықты. «Мәңгілік сары» антологияға 20-дан астам, «Қазақтың мың күйі» (2009) антологияға 40-тан астам күйі енген. 2010 жылы Парижден «Таттімбеттің мұрасы» СД-дискі шыққан.

TOP-АВТОР