Орхан Памук
Орхан Памук

Сонымен, Орхан Памук...

Ол 1952 ж. Ыстамбұлда арғы тегі черкестерден шыққан бай отбасында туған, оның әкесі білікті инженер болған. Памук сондағы американ колледжінде дәріс алған, сонсоң ата-ананың бағыттауымен Ыстамбұлдағы техникалық университетте оқыған (әке-шешесі оның инженер-құрылысшы болғанын қалаған), бірақ ол үш жылдан кейін кәсіби жазушы болу үшін бұл оқу орынын тастаған.

Орхан Памук 1977 ж. Ыстамбұл университетінің журналистика институтын тәмамдайды. 1985-1988 жж. арасында ол АҚШ-та тұрған, Колумбия университетінде (Нью-Йорк) еңбек еткен, бірақ кейін Түркияға оралған. 1982-2001 жылдар өрісінде отбасылы болған, қызы бар. 2007 жылға дейін Ыстамбұлда тұрған, одан соң тағы да Нью-Йоркке эмиграцияға кетеді.

Ол бірнеше ұлттық және халықаралық сыйлықтардың иегері, оның ішінде 2006 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атанған. 

Бұл күнде Гоа аралында үнділік әйел жазушы Киран Десаимен тұрып жатыр, қаламы қолынан түскен жоқ.

Жазушы шығармашылығының негізгі тақырыптары – Шығыс пен Батыс, ислам мен христиандық, дәстүрлілік пен осы заман арасындағы қақтығыс пен қарама-қарсы тұрушылық болып табылады.

Жазушының даулы мәселелер бойынша өзіндік бағыт-бағдары оны отандастары арасында қарама-қайшы тұлғаға айналдырған. Біреулер оның азаматтық қаһармандығына ырзашылық білдірсе, енді басқалары оны отанының сатқыны деп есептейді. Ал керек болса!

TOP-АВТОР