Мамытбек Қалдыбай
Мамытбек Қалдыбай

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қызылжалау ауылында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищені, Шымкент педагогика институтының филология факультетін (1963) бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Қордай ауданы, Кенен аулында мұғалімдіктен бастаған. 1970-1980 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінде, 1980-1982 жж. республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында қызметкер, 1982-1990 жж. ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқытушы болған. 1982 жылы «Қазақ совет деректі прозасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 1990 жылдан бері Қазақ мемлекеттік Спорт және туризм академиясында оқытушы. Сегіз жыл бойы қазақ, орыс тілдері кафедрасын басқарған. Филология ғылымдарының кандидаты. Шығармалары: Көпір. Өлеңдер. «Жазушы», 1974; Айна. Өлеңдер. «Жазушы», 1977; Ақжайық жырлары. Өлеңдер. «Жазушы», 1978; Мерей. Балаларға арналған повесть, әңгімелер. «Жазушы», 1979; Ай туып келеді. Повесть. «Жазушы», 1983; Бәйдібек баба арманы. Роман. «Қазақстан», 1995; Академик Лесбек Сейітбеков. «Қонжық», 1998; Бекасыл әулие. «Елорда», 2001.


TOP-АВТОР