Есболат Айдабосын 1981 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында туған. 1998-2002 жж аралығында Абай атындағы АлМУ (қазіргі ҚазҰПУ) қазақ филологиясы факультетінде оқыды. 2003 жылдың қаңтарында “Шаhар” ТРК жаңалықтар қызметінің тілшісі, “Бес күн” бағдарламасының жүргізуші-редакторы болып жұмыс істеді. Ал 2004-жылдың ақпанынан 2006 жылдың қаңтары аралығында “НТК” телеарнасының «Соңғы ақпараттар», “Түйін” бағдарламаларының тілшісі, шығарушы редакторы, кейіннен бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2006-2012 жж Қазақстан ұлттық телеарнасы АСБД (Ақпараттық-Сараптамалық Бағдарламалар Дирекциясы) жұмыс істеді. Әр жылдары қорытынды жаңалықтар мен «Апта-кз» , «Арнайы репортаж», «Өзекжарды» секілді бағдарламаларда тілші, продюсер, комментатор, жүргізуші-редактор болып қызмет атқарды. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. 2012 жылдан бері әңгіме-хикаяттары мерзімді басылымдар мен әдеби порталдарда жарияланып келеді. Бірнеше әдеби байқаулардың жеңімпазы. «Алтын қалам», «Алтын тобылғы» әдеби сыйлықтарының иегері.