Вохид Гаффори – тəжік жазушысы. Ішінде Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның саяси қызметі туралысы да бар ондаған кітаптың авторы. Шешен Республикасының бірінші президенті, Ресей Батыры Ахмат-қажы Қадыров туралы «Дін үшін қиылған ғұмыр» кітабы үшін 2010 жылы Ресей Федерациясындағы Шешен Рес- публикасы Парламентінің Құрмет грамотасымен ма- рапатталған. Вохид Гаффори қаламынан жанры мен тақырыбы бойынша сан салалы: парсы əліпбиінің үйретілуі, лирикалық-философиялық хикаяттар, саяси очерктер сияқты əртүрлі туындылар жарық көрген.