Ермаченков Владимир (1939–2009) - 24 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.
1961 жылы ҚазМУдің филология факультетін бітірген соң, Шымкент педагогикалық институтында сабақ берген. Одан кейін 40 жылға жуық «Қазақстан», «Жазушы» баспасында редакторлықтан Бас редакторлыққа дейін қызмет атқарды. Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде Бас редактордың орынбасары болған, ҚР Ақпарат министрлігінде бас маман болып істеген.
Шығармашылық жұмысы 60жылдары басталды. «Ешқандай төтенше оқиға болмақ емес» атты тұңғыш жинағы 1979 жылы жарық көрді. Одан кейін «Жер үстіндегі үй» (повестер мен әңгімелер), 1985 жылы «Жез жылуы» романы шықты. Ә.Нұршайықовтың, Б.Тоғысбайұлының, Е.Әкімқұловтың, Т.Ахметжанның шығармаларын орыс тіліне аударды. И.Шухов, Д. Снегин секілді орыс жазушыларының көп томдығын құрастырып, алғы сөзін жазды.
«Баспа және полиграфия ісінің қайраткері», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.