Баубек Бұлқышев (1916–1944) - Қарағанды (қазіргі Жeзқазған) облысы, Ұлытау ауданында туған.
1930 жылы «Ұлытау» кеңшарының сүт фермасында есепші болып істеген.
1937 жылы Алматы саудафинанс техникумына оқуға түседі.
1939 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, «Октябрь балалары» газетінің бөлім меңгерушісі болған.
1940 жылы әскер қатарына шақырылды да, Мәскеуде сапер училищесінде оқиды. Жалынды публицист, ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғады. Украинаны азат етісті.
1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты. Баубек көптеген өлеңдер жазып, республикалық баспасөз беттерінде жариялады. «Алматы – менің туған қалам» атты бітпей қалған романы және «Айсұлу» деген поэмасы бар.
Жазушылық таланты Ұлы Отан соғысының ауыр сын сағаттарында ерекше көрінді.
1942 жылы 1 мамырда «Комсомольская правда» газетінде «О жизни и смерти» (Записки молодого казаха фронтовика) деген өршіл патриоттық публицистикалық мақаласы шықты. Ол өзінің әскери очерктері мен публицистикасын орыс тілінде жазып, үнемі «Комсомольская правда» газеті беттерінде жариялап отырды. «Я хочу жить», «Жизнь принадлежит нам», «Коварство и любовь», «Письмо сыну Востока», «Слушай Кавказ» және басқа мақалаларын Ғ.Мүсірепов қазақшаға аударып, республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жариялады.
1946 жылы Мәскеуде шыққан «Жизнь солдата» жинағына Б.Бұлқышевтың майдандық публицистикасы енді. Оның көркем әдеби мұрасы 1948 жылы М.Иманжановтың редакциясымен шыққан «Өмір біздікі» кітабында, сондайақ «Жауынгер мәңгілігі» кітабында жинақталған. Шығармалары әлденеше рет қайта басылды.
Шығармалары: Жизнь солдата. М., «Молодая гвардия», 1946; Өмір біздікі. А., ҚМКӘБ, 1948; Жауынгер мәңгілігі. А., «Жазушы», 1965; Адамзатқа хат. Шығармалары. А., «Жалын», 1977; Заман біздікі. Шығармалар жинағы. А., «Жалын», 1984.