Алмаз Әмірбекұлы МЫРЗАХМЕТ — 1987 жылы 4 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
«Қасым» республикалық әдеби-қоғамдық журналы Бас редакторының орынбасары, академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі. XIV «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі «үздік әдеби шығарма» (проза) номинациясы бойынша І орын иегері. Республикалық «Ұлт болмысы» бауқауында «Үздік жазушы» атанған. Республикалық «Аңсар – 2015» және «Алтын тобылғы - 2016» әдеби байқауларында «Жылдың үздік жас жазушысы» боп танылған. «Ханшайым», «Қала мозаикалары» кітаптарының авторы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.