Аллажар Теміржанов
Аллажар Теміржанов

Аллажар Теміржанов (1912—1962) Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.

Аудандық газеттің хатшысы, облыстық «Советтік Қарағанды» газеті редакторының орынбасары, республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінде әдеби кеңесші болып істеді.

Өлеңді техникумда оқып жүрген кезінен-ақ жаза бастайды. Алғашқы туындылары 1935 жылы жеке кітап болып шыққан. «Дарын» атты поэмасы әнші әрі композитор Доскей Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығына құрылған. «Семіздікті қой көтереді», «Шөлмек мың күн сынбайды», «Кеме келсе, қайық судан таяды» атты пьесалары Қарағанды облыстық драма театры сахнасында қойылған.

Шығармалары: Екі сый. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1935; Жаз. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1939; Ақын мұрасы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1966.
TOP-АВТОР