Александр Сергеев
Александр Сергеев

Александр Сергеев (1915–2007) 18 маусымда Ресейдің Тула қаласында туған. 1951 жылы Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жанындағы Жоғары партия мектебін, 1958 жылы Мәскеуде КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін Қарағанды облыстық радио комитетінде бас редактор, «Социалистическая Караганда» облыстық газеті бас редакторының орынбасары, 1958 жылдан «Казахстанская правда» републикалық газеті редакторының бірінші орынбасары, «Советский патриот» газетінің Қазақстан мен Қырғызстан бойынша меншікті тілшісі, «Шмель» журналы редакторының орынбасары болып қызмет істеді. Көптеген шығармалары қазақ тіліне аударылған. Өзі де қазақ және ұйғыр жазушыларының көптеген шығармаларын орыс тіліне аударған. КСРО медальдарымен, Ұлы Отан соғысы орденімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Шығармалары: "Пастырь поневоле" Рассказы. А., ҚМКӘБ, 1959; "Опасное задание" Рассказы и повести. (З.Танхимовичпен бірге.) А., ҚМКӘБ, 1964; "Сыновья возвращаются" Рассказы и повести. А., «Жазушы», 1971; "Каменный щит" Рассказы и повести. А., «Жазушы», 1978; "Петербургский посол" Роман. А., «Жазушы», 1980; "Эдельвейсы достаются смелым" Рассказы и повести. А., «Жазушы», 1983; "Искупление" Роман. А., «Жазушы», 1998; "Звездное небо Талгата" Повесть. А., «Санат», 1999; "Один шаг (розовый палач)" Повести и рассказы. А., «Сөздік—Словарь», 2001.


TOP-АВТОР