Айтбай Шаншаров
Айтбай Шаншаров

Айтбай Шаншаров 1929 жылы 27 сәуірде Ақмола қаласында туған.

Рудком балалар үйінде тәрбиеленген.

1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Сол жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасына редактор болып орналасады. Содан соң «Қазақстан» баспасында аға редактор, Қазақ совет энциклопедиясында аға редактор болады.

Негізінен аудармашы. Балаларға арналған әңгіме кітапшалары да бар. Л.Н.Толстойдың, И.Мележдің, П.Вежиновтің, С.Вангелидің роман, повестерін аударып, жеке кітап етіп бастырған.
TOP-АВТОР