Айжарық Сәдібекұлы
Айжарық Сәдібекұлы

Айжарық Сәдібекұлы - 1939 жылы 17 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, «Қармыс» елді мекенінде туған. Н.В.Гоголь атындағы пединституттың филология факультетін тамамдаған. 1966–1971 жж. аудандық «Жаңадария» және «Сырдария» газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1972–1997 жж. облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінің еңбекші хаттары, совет құрылысы, партия тұрмысы, саясат және қоғам бөлімдерінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі және редколлегия мүшесі, 1993–2000 жж. республикалық «Сұхбат» және халықаралық «Түркістан» саяси газеттерінің Ақтөбе, Қызылорда облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. 

Тұңғыш әңгімесі облыстық «Ленин жолы» газетінде жарияланған. «Дария жыры», «Көктемін күткен ару», «Жүректегі жауһарлар», «Аққұмның ақ түндері», «Бал айы», «Ашық мұхитқа шыққан алып», «Жұмыр жерде біз бармыз» атты кітаптардың авторы. 

Облыстық партия және комсомол комитеттерінің, кәсіподақтары облыстық советінің Құрмет грамоталарымен, «Жеңістің ХХ жылдығы», «Социалистік жарыс жеңімпазы», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдарымен және 1987 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасымен марапатталған. Қызылорда қаласы Әкімінің және облыс Әкімі мен Мәслихатының Құрмет Грамотасын, Республика Президентінің «Алғыс хатын» алған. Облыс Әкімінің 2003 жылғы, 2009 жылғы стипендиаты.
TOP-АВТОР