Агата Мэри Кларисса Маллоуэн ( Agatha Mary Clarissa, Lady Mallowan), туылған кезде Миллер, күйеуінің фамилиясымен Агата Кристи (15 қыркүйек 1890 — 12 қаңтар 1976) — детекивті проза авторларының ішіндегі ең танымал жазушы. Кристи 60 детективті роман, 6 психологиялық роман жəне 19 əңгімелер жинағын шығарды. Оның 16 пьесасы Лондон қаласында қойылған, кітаптары 4 миллиардтан астам тиражбен сатылып, 100 тілден көп тілге аударылды.
Агата Миллер 15 қыркүйек күні 1890 жылы, Торки қаласында туған. Миллер отбасысында Агатадан басқа Маргарет Фрэри (1879-1950) жəне Луис Монтан (1880-1929) болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол ауруханада медбике болып істеді. Бұл жұмыс оған қатты ұнайтын жəне Агата оны ең пайдалы мамандық деп атады. Ол фармацевт болып та істеді, мүмкін осы жұмысы оның оқиғаларындағы өлімдерге əсер етті. Себебі 83 өлім уланудың кесірінен болды.
Бірінші рет Агата Арчибальд Кристиге күйеуге 1914 жылы шықты. Оларда Розалинда атты қыздары туды. 1926 жылы Агата Кристи анасы қайтыс болды жəне сол жылдың аяғында Арчибальд басқаны жақсы көретінін айтты.
1930 жылы Ирактағы сапарында ол Маркс Маллоуэн мен танысады. Олар бір бірін жақсы көріп, неке қияды. 1971 жылы оның денсаулығы нашарлай бастады. Бірақ ол жазуды тоқтатқан жоқ. Дəрігерлердің айтуы бойынша Агата Кристи Альцгеймер ауруына шалдыққан. 1976 жылы ол Уоллингфорд қаласындағы үйінде қайтыс болды.