Жадыра Шамұратова
Жадыра Шамұратова

Жадыра Ғазизқызы Шамұратова 25.08. 1979 ж. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында туған.

2000ж. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 2004 жылы «Шабыт» халықаралық фестивалінде Камал Смайылов атындағы арнаулы сыйлыққа ие болған. Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінде, республикалық «Алтын Орда» газетінде, БҚО драма театрының әдебиет бөлімінде, республикалық «Заң» газетінде (меншікті тілші), республикалық «Тұмар» журналында әдеби қызметкер болып жұмыс жасаған. 2017 жылдан ҚР Ішкі істер министрлігі ҚР ІІО Медиа орталығы «Сақшы» газетінің бас редакторының орынбасары қызметін атқарған. Қазір "Астана ақшамы" газетінде журналист.

2011 жылы «Аударма» баспасынан Әлем әдебиеті сериясымен шыққан

бірнеше кітапқа редакторлық еткен.

 

Аударма жұмыстары:

Черчилль: Ерекше тағдыр... жарқын белестер (Бренд Ральф Льюис). «Фолиант»- 2015;

Рим. Ежелгі өркениеттің тарихы мен қазынасы. (Джорджио Ферраро). «Фолиант»-2015;

(Хейди Ховарт. Дэниел Ховарт) "Қонжықтың хикаялары" сериясы. «Фолиант»- 2015;

Руф (Рут) Сандерсон ертегілері. «Фолиант»-2015;

КҮЙЗЕЛІС –«Фолиант» - 2015;

Грекия. Ежелгі өркениеттің тарихы мен қазынасы (Стефано Маджи). «Фолиант»- 2017;

АСТАНА. Сәулеттік жолнұсқа. Филипп Мойзер құраст. «Фолиант»-2017ж.

TOP-АВТОР