Заря ЖҰМАНОВА
Заря ЖҰМАНОВА

Заря  Әмірқызы ЖҰМАНОВА  - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Екіге бөлінбейтін келіншек»,  «Түнгі оттар», «Сіз іздеген әлем», «Ақбота», «Запах дождя», т.б.  бірнеше прозалық кітаптың авторы.  Ұзақ жылдар «Қазақ әдебиеті» газетінде және «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болды. Сондай-ақ, ол  «Хабар» арнасында еңбек еткен жылдары көптеген көркем фильмдерді орыс тілінен  ана тілімізге аударуға үлес қосты.

Публицист Сейдахмет Құттықадамның «Служение нации» публицистикалық жинағын, ақын, аудармашы Амантай Ахетовтың «Дети победы» романын, Бақытжан Момышұлының «Черная звезда» ертегі-романын,  Сұлтан Әкімбековтің «История степей: феномен государства Чингисхана в истории Евразии» атты ғылыми-танымдық еңбегін орыс тілінен қазақ тіліне аударды.

Сорос заманауи өнер орталығы жабық әдеби бәйгесінің, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы жариялаған конкурстың, халықаралық  «Дарабоз» әдеби байқауының, республикалық «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби бәйгесінің, тағы басқа да бірнеше әдеби сайыстардың жүлдегері

TOP-АВТОР